
Жыр – менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым
Қазақ халқында «Алмас қылыш қап түбінде жатпайды» деген тамаша бір сөз бар. Ен даланы еркін жайлаған халқымыз бес ғасыр бойы ат үстінен түспей, жаугершілік заманды бастан кешірді. Қос бүйірден аждаһадай ысқырынған қытай мен аюдай ақырған орыс қысқанда, лажсыздан соңғысының қолтығына кіріп, бодан болды. Қала...












