Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕКТЕПіШІЛІК БАҚЫЛАУ: ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ

МЕКТЕПіШІЛІК БАҚЫЛАУ: ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ

Бесплатный семинар для журналистов в Алматы и Нур-Султане | Новый репортер24 қазан күні аудандық білім бөлімінің қолдауымен №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінде облыстық семинар өтті.
«Мектепішілік бақылау: диагностика және тәжірибе» атты семинарға облыстық оқу орталығының әдіскері Ж.Сыздықова, аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова, облыс деңгейіндегі білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері мен мектеп директорлары қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – мектепішілік бақылау үдерісі бойынша мектеп қызметін жетілдіру, оның ішінде білім беру мен тәрбиелеу сапасын жақсарту және педагог қызметкерлердің кәсібилігін арттыру.
Шара барысында семинар қатысушылары «Мектепшілік бақылау жұмыстарының шеберханасы» көрмесімен танысып, мектеп-лицей мұғалімдері ашық сабақтар өтіп, ата-аналармен жұмыс көрсетті. Сонымен бірге «Пленарлық» алаңы бөлімінде мектепішілік бақылаудың 6 бағыты бойынша жұмыстар баяндалды. Атап айтсақ, нормативтік құжаттардың орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуі бойынша мектеп-лицей директоры Сәуле Нұрманова, оқу процесінің сапасын бақылау бағыты бойынша мектеп-лицей директорының орынбасары Әлия Яхияева, оқушылардың білімдегі олқылықтарының орнын толтыру және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс барысын мектеп-лицей директорының орынбасары Фарида Арыстанова тарқатып айтты. ал оқу-зерттеу қызметімен мектеп-лицей директорының орынбасары Қыдырбек Ақмолдаев, мұғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік дайындығының жай-күйін бақылау кезеңін мектеп-лицей директорының орынбасары Меруерт Исаева, тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізуді бақылау бағыты бойынша мектеп-лицей директорының орынбасары Жансая Жансариева кеңінен талдады.
Әрмен қарай, «Педагогикалық ассорти» алаңы бойынша зерттеу жұмыстарымен «Дәрумендер және олардың маңызы» тақырыбында «Lesson study – Time» жобасы аясында биология пәнінің мұғалімі Айзада Мұстафаева, Математика пәнінен 5 сынып білім алушыларына «Аралас сандар» тақырыбында «Action research – Time» жобасымен математика пәнінің мұғалімі Аруна Серікбай өз жұмыстарын көрсетті. Сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімі Жанар Ормағамбетова мен педагог-психолог Динара Байзақова ата-аналармен «Отбасы – бақыт бесігі» тақырыбында «Ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығы» жобасында сабақтарын көрсетті.
Жүйеде республика бойынша 1000 мектеп жұмыс істесе, аудандағы 5 мектеп (№47, №49, №153, №152, №205 ) жобаға енгізілген. Аталған мектеп директорлары «Бақылау формасынан тәжірибеге» воркшоп форматында тәжірибелерімен бөлісті.
«Бүгінгі күн индикаторы» қорытынды бөлімінде «Мектеп тынысы» рум тур аясында мектеп-лицейдің орталық алаңдарына саяхат жасады. Шара соңын облыстық оқу орталығының әдіскері Жанна Сыздықова қорытындылап, семинарға қатысушылар кері байланыс жасап, оң бағаға ие болды.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
30 қазан 2023 ж. 385 0