Жаңалыққа бастаған жаңа бағдарлама»
Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш сынып екені баршамызға аян. Мұхтар Шаханов «Бала жүрегі - кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей, бастауыш сынып мұғалімі үнемі ізденісте болуы тиіс. Өйткені, уақыт өткен сайын білім беру үдерісінде де жаңалықтар көптеп енуде. Қазіргі таңда білім беру мазмұны мүлдем басқа бағытта жүзеге асуда Бастауыш сынып мұғалімдері осы талаптарды меңгере отырып оқушыларды саналы тәрбие мен сапалы білім мен қамтамасыз етуі қажет. «№148 қазақ орта мектебі» КММ «Жаңалыққа бастаған жаңа бағдарлама» атты мектепішілік семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаттарының бірі осы талаптар мен міндеттерді сабақ үдерісінде қалай іске асыруға болады деген сұрақ төңірегінде тәжірибе алмасу болды. Бастауыш сынып ұстаздары Н.Үдерова, А.Сарбасовалар үлгі сабақтар өткізсе, Ж.Омарова баяндама жасаса, Э.Бейсекова дөңгелек үстел өткізді.
Семинар соңында Ж.Ахметова ұстаздармен ойын жаттығуларын ұйымдастырды. Мектеп директоры О.Шорабаева мен оқу ісі жөніндегі орынбасары Ф.Тәжібаева қорытындылап, аталған мұғалімдерді мақтау қағаздарымен марапаттады.
Жаңартылған білім аясында өз мамандығын шексіз сүйетін,бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек арнайды деп ойлаймын. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп.
Майгүл АРХАБАЕВА,
№148 қазақ орта КММ бастауыш оқу-ісі
жөніндегі орынбасары.