ШӘКІРТТЕРІН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕГЕН
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында білімді жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор. Осы мақсатта 2018-2019 оқу жылында білім алып жатқан 3-4-сынып оқушылары арасындағы XIV Республикалық «Зерде» конкурсы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Айта кету керек биылғы ғылыми жобалар байқауы түрлі бағытта өтті. Аудандық жобалар байқауына №148 қазақ орта мектебі бойынша мұғалімдер өз шәкірттерімен қаттысты. Бір қуанарлығы, байқауға қатысқан үміткерлеріміз де қазылар алқасының көңілінен шығып, жүлделі орындарды иеленіп, мектеп абыройын асқақтатып қайтты. Бастауыш сынып мұғалімі Майгүл Архабаеваның ғылыми жетекшілігімен байқауға қатысқан Ақерке Нысанбекқызы, Әлібек Тұрғанбек ғылыми жобалар байқауында бас жүлде иеленді. Бастауыш сынып мұғалімі Айымхан Ишанқұлованың ғылыми жетекшілігімен Инабат Тасболат I орын, Эльвира Бейсекованың ғылыми жетекшілігімен Гүлсезім Кеңесбек I орын, Фариза Шопанованың жетекшілігімен Саян Байсын, Рауан Байсын I орын, Гүлжанат Бегманованың жетекшілігімен Еңлік Хабибулла I орын, Салтанат Калимбетованың жетекшілігімен Балжан Молдабекова I орын, Жұлдызай Ахметованың жетекшілігімен Ақниет Мақсұт, Жасмин Қыстаубай II орын иеленді. Осындай ізденімпаз жеткіншектеріміз аудандық ғылыми жобалар байқауында топ жарып, мектебіміздің мәртебесін көтеріп тастады. Оқушыларды жоғары деңгейде дайындай білген ұстаздарымызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында биік белестерді бірге бағындыра берейік.
Базарбекқызы Тұрсынай,
№148 қазақ орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.