Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлестер жүлдемен оралды

Жерлестер жүлдемен оралды



Елбасы Н.Назарбаев: «Бүгінгі күні жалпы адамгершілік құндылықтар кей ретте тоқырауға ұшырай бастағанда «Өзін-өзі тану» бағдарламасы жан-жақты тұлға қалыптастырудың негізгі пәндерінің біріне айналды. «Өзін-өзі тану» нағыз адам болуға, айналадағы әлемді жете тануға және бағалауға, үздік, білімді, ашық болуға, отанға риясыз қызмет етуге баулиды», – деген болатын. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы еліміздің барлық мектептерінің оқу бағдарламасына пән ретінде енгізілген еді.
Жуырда Алматы қаласында республикалық «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша дәстүрлі пәндік олимпиада өткен болатын. Олимпиадада аудан намысын қорғаған №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушыларынан құралған «ЖКЖ» командасы бірінші орынға ие болып, жеңіспен оралды.
Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылық­тар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Рухани-адамгершілік білім беру мақсатында аудан­дық білім бөлімінің әдіскері С.Тілеубергенқызының ұйымдас­тыруымен ауданда 7-9-сыныптар арасында «Қызмет ету қуанышы» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша дәстүрлі пәндік олимпиада өткізілген еді. Аталмыш мектептің «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Фариза Жансейтованың жетекшілігімен 9-сынып оқушысы Дамира Әбибуллаева, Жансая Сейденова, Жұлдыз Әзихан қатысып, аудандағы мектептер арасында бас жүлдеге ие болды. Осылайша, облысқа жолдама алып, жүлделі болған жерлестеріміз республикалық жарыстың төрінен көрінді.

Ж.Нұрғалиева.
10 қараша 2018 ж. 1 726 0