Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ


Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақа­ласында «Біз та­рих, саясат­та­ну, әлеумет­тану, фи­лосо­фия, пси­хо­ло­гия, мәде­ниет­тану және филология ғылымдары бойын­ша студенттерге толық­қанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гума­нитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекет­тің қолдауына ие болады.
Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет. Алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз», – деген еді.
Елбасының тапсырмасымен қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында Ұлттық аударма бюросы құрылды. Бұл жобаға жүзден аса оқытушы, ғалым, аудармашы, редакторлар мен баспагерлер тартылды. Ал жақында Мемлекет басшысының қатысуымен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітаптардың таныстырылымы өтіп, ағылшын тілінен аударылған 18 оқулық оқырмандар қолына тигелі тұр.
Бұл – кемел келешекке құлаш сермеген Қазақстанның үлкен жетістіктерінің бірі. Себебі, 100 оқулықты аудару – ғылыми контентті көбейтіп, қазақ тілінің ғылыми қорын халықаралық ғылыми лексикамен байытады. Сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы білім мазмұны әлемдік деңгейге көтеріліп, еліміздегі аударма мектебі жетіледі.
Бөрі ДАБЫЛОВ,
«Нұр Отан» партиясының ардагері,
Қызылорда облысы
01 мамыр 2018 ж. 1 166 0