ШЕШІМІН ТАПҚАН ЖОБА
Қазақстан халқы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының маңызын терең түсініп, еліміздің рухани тәуелсіздігін нығайтатын стратегиялық құжатқа балап отыр. Жаһандану жағдайында мемлекеттілігімізді, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, жалпы ұлттық ерекшеліктерімізді қалай сақтап қаламыз деген мәселе – әрбір азаматты толғандырады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың алғашқы нәтижесі 18 жаңа оқулықтың жастарға тегін таратылуы мен кітапхана сөрелеріне жол тартылуы көпшілікті қуантып қана қоймай, аударма мәселесіне жаңа серпін берді.
Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, дінтану, мәдениеттану, тіл білімі, антропология, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік бағыттарында әлем тарихындағы ең үздік ғылыми еңбектер және түпнұсқадан тікелей қазақ тіліне тәржімаланған алғашқы туындылар.
Бұл бастама – Елбасының болашақ иелеріне жасаған үлкен қамқорлығы деп түсінемін. Себебі, қыруар қаражатты қажет ететін аударма оқулықтарға мемлекет өз қаражатын жұмсауы ешбір елде жоқ тәжірибе екендігін әлем мойындап отыр.
Ендеше, Елбасының ұсынған тың бастамасы халқымызды рухани-жаңғыруға жетелері сөзсіз.
Кенжебек ТІЛЕПОВ,
№61 орта мектептің директоры,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі,
Арал ауданы,
Қызылорда облысы