Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ



Алматы қаласында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Мүсін», «Сәндік-қолданбалы өнер» «Кескіндеме», «Станокті графика» пәндері бойынша Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ педагогикалық факультетінің «Кәсіптік оқыту» кафедрасынан 5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу», 5В042100 «Дизайн» мамандығы бойынша ІІ-ІҮ курстардың студенттері қатысты: «Мүсін» номинациясына бойынша Мадияр Нұрлан, «Кескіндеме» номинациясы бойынша Искакова Гүлжайна, «Сәндік-қолданбалы өнер» бойынша Натиша Ақзер, «Графика» номинациясы бойынша Сагидуллаева Әсем, Газизова Айдана. Оларға жетекшілік еткен және дайындаған кафедраның аға оқытушысы, өнертану магистрі Назаров Ағабек Жеңісбекұлы. Олимпиада нәтижесі бойынша «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясынан жүлделі ІІI орынға А.Натиша, «Мүсін» номинациясы бойынша ІІІ орынды Н.Мадияр иеленді, «Кескіндеме» номинациялары бойынша Г.Искакова, А.Газизова  сертификатқа ие болды.
Қызылорда облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.
05 сәуір 2018 ж. 1 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31