Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЛІМДІЛЕР ТОП ЖАРДЫ

БІЛІМДІЛЕР ТОП ЖАРДЫ

        
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде көз қуантып, көңіл сүйсінерлік көптеген игі шаралар өткізіліп жатыр. Міне, сондай жарқын істердің бірі «Ғұмырдария» орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында Қазақстан жазушылар одағында «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың дәстүрлі оқулары өтті.

Х республикалық Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан және өлеңіне жазылған әндерден жасөспірімдер мен балалар арасындағы ән-жыр байқауында  №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Шара Шоханованың шәкірті 6-сынып оқушысы Диас Нұрбаев «Ақындық өнер» номинациясы бойынша, аталмыш пәннің мұғалімі Айна Байдраманованың шәкірті 6-сынып оқушысы Абылайхан Қарынбай «Көркем сөз» номинациясы бойынша, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ғалия Қожамқұлованың шәкірті 9-сынып оқушысы Дильяра Райымбек «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.
Ендігі жерде ауданымыздың білімді жастары бұл байқауда өздерін көрсете белгендіктері үшін Диас Нұрбаев пен Дильяра Райымбек маусым айында Түркия елінде өтетін сайысқа жолдама алды.
Е.ДАТКЕНОВ.
14 ақпан 2018 ж. 2 008 0