ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ
Жуырда Қызылорда облыстық оқу орталығы мен Шиелі аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінде «Жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша академиялық білімнен Тәжірибелік дағдыға» атты облыстық семинар өтті.
Аталған семинарға облыстық оқу орталығы, аудандық білім бөлімі, облыс аудандарының химия-биология пән мұғалімдері, Қорқыт Ата атындағы университеттің ғалымдары, сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары қатысты. Семинардың басты мақсаты – жаратылыстану ғылымдарында академиялық білім мен тәжірибелерді арттыруда, инновациялық озық технологияларды қолдану. Сонымен қатар кіріктірілген білім мазмұны арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу болғандықтан, қатысушылар өз бағыты бойынша арнайы дайындықпен келіп, кіріктірілген білім мазмұны арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру тәсілдері бойынша тәжірибе алмасты. Ең әуелі химия-биология пәнінен білім алушылардың облыстық, республикалық жетістіктерінен арнайы құжат ұсынылды. Сондай-ақ профессор Рахат Хамитұлы, мектеп-лицей директоры Сауле Құрманалиқызы және мектеп-лицейдің биология пәнінің мұғалімі Шолпан Ерғалиқызының «Мектеп жанындағы агробиологиялық кешенді ұйымдастыру негіздері» атты әдістемелік құралының тұсауы кеселді. Және де кандидаттар өз тәжірибелерімен бөлісіп, семинарға қатысушыларға танымды ақпараттар ұсынды. Бұдан бөлек, арнайы трениг сабақтар өткізілді. Семинар барысында жоғарғы оқу орындары мен мектептердегі ынтымақтастықтарды нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды. Білімділер жиналған семинар соңында Қызылорда облыстық оқу орталығының әдіскері Жанна Құрмантайқызы семинарды қорытындылап, барлық қатысушыларға оң бағасын берді.

Сымбат СҰЛТАН