Білім берудің жаңартылған әдісі

Міндеті: Білім берудің негізгі мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. «Қалыптастырушы бағалау тәсілдерін тиімді пайдалану» тақырыбында Г.Жорабекова мен М.Ержанова жұмыс көрсетті. Жұмыс барысында мұғалімдерді топқа бөліп, тапсырма беру арқылы әр топ өзінің ойын постер арқылы қорғады. «Сабақта қолданылатын тиімді әдіс түрлері» тақырыбында А.Бекетбаева мен Ж.Жанайдарова шығармашылық шеберлігін көрсетті. Үштілділікті оқып келгеніне байланысты сабақта қолданылып жүрген әдіс-тәсілдерін мұғалімдерге ұсынды. «Кері байланыс рефлексия – табысты оқытудың негізі» тақырыбында С.Ахметова және А.Бердешова, Г.Мамбетовалар коучинг сабақ өткізді. Жұмыс барысында кері байланыстың маңыздылығын атап өтті. Сол бойынша мұғалімдер пікір алмасты. Семинарға қатысушы мұғалімдер жақсы әсер алғандарын, алған тәжірибелерінің алдағы уақытта іске асыратындықтарын айтты және кері байланыс жүргізді.
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының
«Химия-биология,
география» пән бірлестігі.