Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңашылдықты талап етеді

Жаңашылдықты талап етеді



Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында мектепке дейінгі білім беру жүйесіне 3 нақты тапсырма берген болатын. Сондай-ақ, Жолдауда мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды қамтамасыз ету делінген. Осының негізінде тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың бағыттарына сәйкес, кіріктіру бағдарламасы бойынша Ж.Нұртаева меңгерушілік жасайтын «Жадыра» бөбекжайында аймақтық тәжірибе алмасу семинары болып өтті. Келген қонақтарды әдіскер Э.Сыздықова семинар жұмыстармен таныстырып өтті.
Сонымен, ортаңғы топ тәрбиешісі А.Жалпақова кіріктірілген оқу қызметінде орыс, ағылшын тілдерін қамти отырып, түрлі әдіс-тәсілдер жиынтығын көрсетті. Ал, ІІ кіші топ тәрбиешісі Г.Қапбарова оқу қызметін шеберлікпен жүргізу арқылы біліктілігін таныта білді. Логопед-педагог А.Амангелдиева сөйлеу тілінде ауытқуы бар балалармен жаттығуларды оқу қызметінде түрлендіре ұйымдастырса, психолог Г.Қалкөзова келген қонақтармен көңілді тренинг жүргізді. Өз кезегінде музыка жетекшісі Д.Абатұлы мен би жетекшісі Н.Сағиттың дайындауындағы өнерлі балалар ән мен биден шашу шашты. Шараның ең тартымды шығып, әсерлі болған тұсы тәрбиешілердің көлеңке театры арқылы «Аю мен маса» ертегісін сомдауы еді.
Семинар барысында аталмыш жеке балабақша «Коммуникация» саласы бойынша дидактикалық материалдар жиынтығын назарға салды. Мұнан соң, ІV-топ аймағының басшысы «Айналайын» бөбекжайының әдіскері И.Тоқсанбаева семинардың жоғарғы деңгейде өтілгендігін тілге тиек етіп, баршаға жылы лебізін жеткізді.

Дина ЖҮСІПОВА.
15 мамыр 2018 ж. 1 087 0