Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр кәсіпкерлері Корея бизнес өкілдерімен кездесті

Сыр кәсіпкерлері Корея бизнес өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары аясында Қазақ-корей дөңгелек үстелі өтті. Іскерлік кездесуге Қазақстан мен Кореяның жетекші компаниялары, бизнес-қоғамдастық және іскерлік топ өкілдері қатысты.



Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту және кәсіпкерлер арасындағы әріптестікті нығайту бағыттары бойынша пікір алмасты.
Маңызды іскерлік жиынға Қызылорда облысының атынан Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқаратын «Агрохимсервис-С» ЖШС директоры Сергей Ким қатысты.
«Агрохимсервис-С» серіктестігі бүгінде өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асырып келеді. Кәсіпорын 2020 жылы жеке қаражаты есебінен минералды тыңайтқыш өндіретін зауытты іске қосты. Өндіріс орны жылына 30 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Жоба аясында 11 жаңа жұмыс орны ашылған.
Кәсіпорын өндіріс көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында жаңа жобаны қолға алған. Оны қаржыландыру үшін «Өрлеу» бағдарламасы арқылы 750 млн теңге несие қаражаты тартылды.
Жоба бойынша қажетті жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарын бастауға тиісті рұқсат беріліп, мемлекеттік қолдау аясында 3 гектар жер учаскесі бөлінді.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 90 пайыздан астамы аяқталған. Қытайдан жеткізілген қажетті құрал-жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоба толық іске қосылғаннан кейін кәсіпорында қосымша 5 жаңа жұмыс орны ашылады.
Қазақ-корей дөңгелек үстелі аясындағы мұндай кездесулер сырбойылық кәсіпкерлер үшін халықаралық іскерлік байланыстарды кеңейтіп, жаңа серіктестер табуға және өндірістік жобаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндік береді.
16 қыркүйек 2026 ж. 37 0

Қоғам

ЖЕР-АНАНЫҢ ЖАҢА СЫЙЫ

15 қыркүйек 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930