Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР БАҚ СЫНАСТЫ

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР БАҚ СЫНАСТЫ

Облыстық «Есірткісіз аймақ» жобасы аясында «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбындағы волейболдан аудандық жарыс болып өтті. Спорттық бәсекеге мектеп оқушыларының командалары қатысты.
Салтанатты жиынның ашылуы жаңадан ашылған спорт мектебінде өткізілді. Бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайыста «№219», «№214», «№205» және «№46» мектеп оқушылары қатысып, бақ сынасты.
Сайыстың ашылу салтанатында Шиелі ауданының прокуроры Нұрбек Қаратаев сөз сөйлеп, жастарды спортқа баулып тұру керек екенін, есірткіден аулақ болуын айтты. Қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
Айта кетейік, аудан бойынша білім бөлімі мен мекемелері жасөспірімдер арасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Міндетті оқу жоспары шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сыныптардың оқушыларына зиянды әрекеттердің алдын алу мәселелері жөнінде ата-аналар жиналысында түсіндірмелер айтылады.
Сонымен, тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша І орынды №214 орта мектебі жеңіп алса, ІІ орынды №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі және ІІІ орынды №205 орта мектептің құрама командаларының спортшылары иеленді. Шара соңында жеңімпаздарға кубокпен, арнайы алғыс хаттар табысталып, номинациялар берілді.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ,
Суретті түсірген Бақытжан БӘЙІМБЕТ
30 қазан 2023 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (9233)

30 тамыз 2024 ж.

№68 (9232)

27 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30