Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дабыл қағушы отрядтарының байқауы

Дабыл қағушы отрядтарының байқауы


Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру мақсатында, Қызылорда облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жалпы білім беретін оқу орындары арасында дабыл қағушылар отрядтарының арасында байқау ұйымдастырды.

Есірткімен күрес полицейлерінің мақсаты-балаларды бос уақыттарын тиімді пайдалануға тарту, салауатты өмір салтын ұстану және балалардың жасырын таланттары мен қабілеттерін анықтау.

Іріктеу турын облыс аудандарындағы білім бөлімдері өткізді. Екінші турға үздік 23 команда қатысты. Байқауға қатысушылар өздерінің марш ансамбльдерінің көрсетілімдерінде саптық элементтер бағдарламасын және барабанда ойнаған әуенднрін сапалы орындауға тырысты.

Әрине, балалардың қойылымдары шеру деңгейінде болмады, бірақ жеңіске деген ынта оларды алға жылжытты. Әр команданың өзіндік ерекше стилі болды, сондықтан бірде-бір қатысушы назардан тыс қалмады.

Барабаншылардың үздік ансамбльдері: Шиелі ауданы N48 мектеп-лицей, Арал ауданы N220 орта мектеп, Қазалы ауданы №N94, 102 орта мектептер, Қармақшы ауданы N277 орта мектеп пен N279 мектеп-лицей танылды.

Байқауға қатысушыларға марш барабандары мен дипломдар табыс етіледі.
23 қазан 2023 ж. 83 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 23

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031