Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үстел теннисінен турнир өтті

Үстел теннисінен турнир өтті



Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында теннистен турнир өтті.

Шара мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты насихаттау болып табылады. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биылғы жылы жарысқа 14 қатысушы қатысты. Жарыс нәтижесінде үздік ойын өрнегін көрсеткен “Шайрайна-Сейхун” газетінен Нұрлан Қарашаев 1-орынды иеленсе, 2-орынды Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Кызылординские вести» газетінің Шиелі ауданы бойынша меншікті тілшісі Мақсұт Ибрашев, 3 – орынды “Өскен өңір” газетінің фототілшісі Бақытжан Бәйімбет иеленді.

Жеңімпаз атанғандарға және жарысқа қатысушыларға кубок, медаль, дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
27 маусым 2023 ж. 106 0