Мия іздеп, жердің миын шығарды
Соңғы жылдары «Мия» тамырын шетелге арзан бағада саудалайтын саудагерлердің қатары азаймай тұр. Теп-тегіс жатқан жерді қопарып, мия тамырын саудалап жатқандарға тоқтау салмаса 4-5 жыл көлемінде мияның тамыры қалмайтын түрі бар. Бұрындары егістік алқабы болған жерді қопарып, сол жердің бәрін ойлы-қырлы төмпешікке айналдырып тастаған. Мұны көргенде кеудеңді зіл, көңілді мұң басады.
Пайдасын біле тұра пайдаланбас...
Сыр бойында жыңғыл, жиде, тораңғыл, сексеуіл, қарабарақ бұта тектес өсімдіктермен қатар, жанға шипа, дертке дауа шөп тектес өсімдіктердің де көптеген түрлері кездеседі. Ботаника ғылымында «Миялар» жүйесіне, «ASTRAGAL» сыныбына енген бірнеше түрлері де бар. Біз айтқалы отырған қызыл мияның тамыры сонау ықылым заманда жергілікті халық шипалы қасиетін біліп, дәрі-дәрмек ретінде пайдаланған. Уақыт өте өндіріске мәдени өсімдік ретінде кірмегендіктен күтімсіз, қараусыз қалған. Соның салдарынан мия тамыры жойылып кету қауіпі алдында тұр. Ал қызыл мия тамырының адам ағзасы үшін пайдасы орасан зор. Мия тамырының қолқа демікпесін емдеуде алатын орны ерекше. Пісіп жетілген дәні, тәтті дәмі жағымды келеді. Дененің ыстығын басып, ағзадағы зат алмасу процесін ретке келтіріп, бойды сергітіп, ойды жетілдіреді. Көк бауырды күшейтіп, ағзаны әлдендіреді. Қызыл мия тамырының тұнбасы өкпені қышқылдандырып, жөтелді басады. Ентікпе ауруына бірден-бір ем. Кеудені босатып, қақырықты түсіреді. Өкпенің сырылын басады. Сонымен бірге мия тамырынан жасалған өнімдердің тағы бір артықшылығы, қант диабетіне шалдыққандар үшін өте пайдалы. Ең алдымен қанттың орнын алмастырып, емдік қасиетімен ерекшеленеді. Қызыл мия онкологиялық ауруларды емдеуде, әсіресе химия курстарынан кейін өте маңызды болатын онкологиялық жасушалардың өсуін тежейді. Сондай-ақ күрделі жинақтардағы мия тамырын қуықалды без аденомасы, бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары, асқазан-ішек жолдарының аурулары, омыртқа мен буын аурулары, артрит, ревматизм, коксарттроз, омыртқа және басқа буындардағы диск жарығын, остеохондроз, онкологияда қолданатын сәулелік терапиядан кейін және ағза радиацияның әсеріне ұшыраған кезде қолданады. Жалпы айтқанда, мия тамырынан мыңнан астам пайдалы өнім жасауға болады. Дертке дауа болатын мия тамырының қадірін біздің медицина саласы мен алып сатарлар қадірін біліп жүр ме?

Шетелдіктер неге құмартып отыр?
Германияда мия тамырынан жақпа майлардың 20-30 пайызы жасалады. Тибетте мия тамырын «ұзақ өмір сүрудің сиқырлы тамыры» деп атап, жастық реңді сақтау үшін қайнатып ішеді. Ал Қытайда мия тамырының адамды жасартатын қасиеті 3 мың жыл бұрын дәлелденген. Бұл елдің дәстүрлі медицинасында мия тамырынсыз бірде-бір дәрі жасалмайды. Тамақ дәмдеуіш қоспаларға да мия тамыры қосылады. Қытай билігі 2008 жылдан бастап мия тамырын баж салығынсыз тасымалдауға рұқсат берген. Яғни, Қытай миядан 70-80 пайызға дейін пайдалы заттарды өндіріп алады. Ал косметологияда көш бастап отырған кәріс халқы да мия тамырларын күнделікті қолданушылардың қатарына жатады. Алайда шикізат тапшылығы салдарынан мияны бүгінде қолдан өсіруге көшкен. Бір кездері нарықты жаулап алған лакричные конфеті де мия тамырынан жасалған. Дәмі тіл үйіретін бұл тәттілерді Финляндия, Норвегия, Дания, АҚШ мемлекеттері экспорттап, зор байлыққа кенелуде.

Тіпті, мия тамыры темірдің қуатын күшейтуге, тоқыма өнеркәсібінде де қолданылды. Қазір газдалған тәтті сусындардың денсаулыққа зиян екені жиі айтылуда. Бұл сусындардың құрамына қант қоспай-ақ, мия тамыры арқылы емдік қасиетін күшейтуге болады. Тәттілігі жағынан бұл өсімдік қанттан 50 есеге артық екенін қараша халық әлдеқашан дәлелдеп қойған. Сонымен қатар дүниежүзілік
фауна, флора қорғау қауымдастығы қызыл мияны «Қызыл кітапқа» енгізілуге жатады деп мақұлдаған.
Байлықты бағалай білдік пе?
Иә, қолда бар алтынның қадірін білменгенге құт қонбайтыны белгілі. Біздің ел шикізат пен өсімдікке бай. Ал сол байлыққа көз тігіп отырған алпауыт мемлекеттер арыстандай ақырып, аш қасқырдай ұлып, жеріміздегі байлыққа көз тігіп отыр. Жасыратыны жоқ, елге, жерге жаны ашымайтын саудагерлер мия тамырын жасырын саудалап, істі болып жатқандары да бар. Байлықтың өзін білмей, аз ғана ақшаға үлкен байлықты айырбастап жатқан жандардың санасы таяз болса, оларға заң жүзіндегі таяқтың ұшын көрсету керек шығар бәлкім. Бір ғана мия тамыры, жайылымдық жердің жетіспеушілігіне алып келуде. Бүгінде жайылымдық жерден сән кеткенін көз көріп, жер дауына ұласқан мәселені жиі естіп жүрміз. Қарапайым қараша халық бұл мәселеге селсоқ қараған әкімшілікке базынасын айтады. Дұрыс-ақ. Бірақ жан-жақтан жұлмалап жатқан жұртшылыққа бір әкімшілік пен жергілікті полиция бөлімінің қауқары жете бермейді. Сондықтан бұл мәселемен ел болып, жұрт болып күресу қажет-ақ.

Иә, біз қозғап отырған мәселе төңірегінде өткен жылдары ақын Жүрсін Ерман мен белгілі журналист Нұртөре Жүсіп Министрлікке хат жолдап, бос жатқан жерлердегі дәрілік өсімдіктердің елге тигізер қыруар пайдасына жан-жақты тоқталып өткен еді.
– «...Қазiргi таңда қазақ жерiнде бос жатқан жерге бiржақты қарау үстем болып отыр. Сол бос жатқан жерде неше түрлi емдiк және дәрiлiк өсiмдiктер бар. Бiр ғана мия өсiмдiгi соңғы бiрнеше жылда түп-тамырымен қопарылып, Қытайға сатылып келеді. Қытай әлемдiк фармацевтика саласында ұлы төңкерiс жасап жатыр. Ненiң есебiнен? Негiзiнен, Қазақстан, Моңғолия секiлдi елдердiң табиғи дәрумендерге бай дәрiлiк өсiмдiктері есебiнен. Қазақстанның дәрiлiк өсiмдiктерiнiң есебiн алып, оны көздiң қарашығындай сақтап отырған отандық фармацевтикада оларды пайдаланып, табиғи байлығымызды дұрыстап игерудiң кешендi бағдарламасы бар ма? Егер осы сала дұрыс жолға қойылса, милллион гектарлап егiн екпей-ақ, Қазақстан экономикасына миллиардтаған табыс әкелуге болар едi ғой?!... Тиiстi мамандардан сарапшылар тобын жасап, Парламентке дәрiлiк өсiмдiктердi қорғау жөнінде заң жобасын ұсыну қажет деп бiлемiз», делінген болатын.
– Ауылда күнделікті мия теруге шығамын. Күніне 5-10 мың теңге ақша аламын. Азаннан бастап, күннің көзі ұясына батқанша жұмыс істейміз. Кешке дейін 600-700 бау мия тамырын жинап қоямыз. Кешкісін көліктеріне тиеп береміз. Аз ғана ақшаға қанша жердің сәнін қашырып жүргеніміз мені де қынжылтады. Қазір мия теру жұмысын тоқтаттым. Жердің миын шығарып, жер-Ананы аялай білмегеннен ешқандай үміт жоқ екенін аңғардым. Содан бері өзімнің жеке кәсібімді ашып, тұрғылықты жұмысыммен айналысып келемін, – дейді Дәурен Үсен.
P.S.
Қазір мия тамырының 1 келісі 200 теңгеден саудаланып жатыр. 1 тонна мия тамыры не бәрі 200 мың теңге. Ал бір күнде 15-20 адамды жинап, екі техниканы жалдап, жердің миын шығарып, мия теретіндердің бұл бизнесіне тоқтау салатын кез келген тәрізді. Бұл мәселеге жұмыла кірісіп, «жер Ананы аялайық» акциясын қолға алу қажет секілді. Қолда бар байлықты бағамдап, соны қорғай білсек, соның өзі бізге құт болып, қолға түсер пұл болар еді.
Дархан БАЙТІЛЕС