Қызылмия тамыры: сипаттамасы және емдік қасиеттері
Аға буын өкілдері күз келген сайын әйелдердің жер үйдің аулаларында қырыққабатты майдалап турап, бөшкеде қалай ашытқандарын ұмытпаған шығар. Олар қызарып піскен алманы да қызыл миямен ашытатын. Бұрын әрбір отбасы ұзын да, қатал қысқа дәмді үй витаминдерін дайындап, қамданатын, деп жазады Stan.kz.
Көп нәрсе өткенге кеткенімен, бірақ өте дәмді үй тағамдарының денсаулыққа пайдалы екендігін түсіну маңызды. Қазіргі үй әйелдері де тәтті қызыл мия тамырын қолданып, ашытқы жасайды. Бүгін біз қызыл мия тамырының медицинада қолданылуы туралы қарастырамыз.Қызылмия, мия тамыры, тәтті тамыр, хунчир – ежелгі дәуірден бастап азық-түлік және емдік дәрі ретінде жоғары бағаланды. Ол тибет, ежелгі қытай медицинасында да қолданылған. Кезінде Үндістаннан Моңғолияға дейінгі аумақты мекендеген көшпенді скифтер де қызылмия тамырын пайдаланған. Ал гректер кезінде Дон өзенінің төменгі жағалауын мекендеген халықтан және Дунайдағы көшпелілерден қызылмия тамырын сатып алатын болған. 1778 жылы шыққан алғашқы орыс фармакопеясында мия тамыры туралы да жазба бар.
Қызылмия Ресейдің далалы және шөлейтті аймақтарында, Солтүстік Кавказда, Дағыстан, Орта Азия, Әзірбайжанда, Жайық өзенінің жағалауында өседі.
Жалаң мия – бұл бұршақ отбасынан шыққан, тамыры терең топыраққа бойлап өсетін, жуан ағаш тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдік. Оның ұзындығы 1,5 метрге жетеді. Жапырағы – күрделі, кезекті, қысқа шыбықты және ол жабысқақ желімтекті болып кедеді. Қызылмияның өзі маусым және тамыз айларында гүлдейді. Ал жемістер тамыз-қыркүйек айында піседі.
Қараша немесе наурыз айларында 4-жылдық жалаң мия тамыры медициналық мақсаттарда жиналады. Жерден қазып алынған тамырларды топырағын түсіру үшін жылдам суық сумен жуып, қабығынан тазартып, күннің астында немесе жақсы желдетілетін бөлмеде кептіру қажет. Ескере кетейік, тамыр сары түсті болғанша кебуі тиіс, және ол жақсы сынғанымен, үгітілмеуі керек.
Ал, мия тамырының әсері 10 жылға дейін сақталады. Бірақ, қызылмия тек дәрілік мақсаттарда ғана қолданылмайды. Мысалы, мия тамырлары мен тамыр сабақ қосылып жасалған қайнатпа Орталық Азияда жүн бояу үшін қолданылады.
Мия тамырын аспаздықта коктейль жасауға арналған көбіктендіргіш зат және квас, сыра, алкогольсіз сусындар мен халва, шоколад, карамель, диеталық кисель дайындауда табиғи тәттілендіргіш ретінде қолданылды.
Ал Шығыстың көптеген елдерінде мия тамыры адамтамыр секілді өмірлік қуатты арттыру үшін шай немесе тағамдық қоспалар түрінде қолданылады. Жалаң мия тамыры мен тамыр сабағының химиялық құрамы бірегей! Олардың құрамында 23% гликирризин сапарин бар. Дәл осы зат мияға тәтті дәм береді.
Сондай-ақ, мия тамыры мен тамыр сабақтың құрамында 30 флавоноид (ликвритин, кверцетин және басқалары), моносахаридтер, дисахаридтер, крахмал, пектиндер, шайырлар, қышқыл, салицил қышқылының туындылары, кумариндер, таниндер, алкалоидтар, эфир майы, органикалық қышқылдар, калий, кальций, марганец, темір, магний, мыс, мырыш, хром, алюминий, селен, қорғасын және т.б. бар.
Қызылмия несімен пайдалы және оның қолданылуы
Қызылмия ауатамыр (бронх) шырышының бөлінуін арттырып, осылайша жөтелге әсер етеді. Мия пневмония кезінде құрғақ жөтелді емдеуге, бронх қабынуынан туындаған жөтелде, жамбас, тонзиллит, туберкулез, көмейдің қабынуы кезінде дауысты қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Мия қабынуға қарсы әсерге ие. Ол жинау кезінде басқа шөптердің әсерін күшейтеді. Қызылмия тамыры бүкіл тыныс алу жүйесін тазартуға өте жақсы көмектеседі. Себебі, мия тамырында қақырықты түсіргіш тазарту қасиеттерінен басқа, вирусқа қарсы және антипротозой белсенділігі бар.
Сондай-ақ, қызылмия қалтырау, тынышсыз жағдайларда жақсы көмектеседі. Ол тегіс бұлшықеттер түйілген кезде де қолданылады. Жалпы қызылмия гипотония кезінде жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын қалыпта ұстауға және қалқанша безі ауруларымен күресу кезінде көмектеседі.
Бұл өсімдік 2-типтегі қант диабеті кезінде ұйқы безінің жақсаруына ықпал ететін инсулиннің өндірілуін арттырады. Және мия тамырының тәтті дәмі тамақтануда қантты алмастыра алады.
Ерте кезде қызылмияның ағзаға түскен токсиндерді бейтараптандыру үшін қолданылуы мүмкін екені белгілі болды.
Себебі, оның құрамына кіретін глицирризин көптеген улардың әсерін бейтараптандырады. Әсер етуі бойынша ол бүйрекүсті бездерінің гормондарына ұқсас.
Сол қасиет мияның дерматит, есекжем, теңге қотыр, бронх демікпесі, жүйелі қызыл жегі, жедел есекжем, диатез секілді аллергиялық ауруларды емдеуіне ықпал етеді. Әсіресе осы мақсаттарға глицирам препараты бөлінген болатын, ол аллергиялық реакцияларды, қандағы эозинофилдердің санын азайта отырып, бронхтардың жиырылуын, балаларды емдеуде кеңінен қолданылады.
Қызылмия онкологиялық ауруларды емдеуде, әсіресе химия курстарынан кейін өте маңызды болатын онкологиялық жасушалардың өсуін тежейді.
Сондай-ақ, күрделі жинақтардағы мия тамырын қуықалды без аденомасы, бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары, асқазан-ішек жолдарының аурулары, омыртқа мен буын аурулары, артрит, ревматизм, коксарттроз, омыртқа және басқа буындардағы диск жарығын, остеохондроз, онкологияда қолданатын сәулелік терапиядан кейін және ағза радиацияның әсеріне ұшыраған кезде қолданады.
Мия тамыры адамтамыр сияқты антидепрессантты қасиеттерге ие. Бұл жағдайда ол созылмалы шаршау кезінде орталық жүйке жүйесінің сергектігін сәтті көтереді.
Жапонияда қызылмия тамыры темекіге деген тәуелділікті емдеу үшін азық-түлік қоспасы түрінде қолданылады. Ол иммунитетті, дененің жалпы қарсылығын жақсартады. Сонымен қатар, қызылмия шамалы іш жүргізетін әсерге ие, оны із айдататын құралдардың құрамына қосады.
Мия тамырымен жасалған өнімдерді асқазан-ішек жолдарының ауруларын, қыжылды басу үшін, тағамды жақсы қорыту үшін, қандағы қант деңгейін төмендету, холестеринді қалыпқа келтіру және атеросклероздың алдын алу үшін қолданған жақсы.
Мияның әсері кейбір гиполипидемиялық препараттардан да асып түседі. Мысалы, глицирризин холестеринмен байланысады да, оны ағзадан шығарып тастайды. Бұл әсіресе, біздің заманда қажетті қасиет болмақ.
Ал қызылмия тамырына жібітілген алманы үнемі тұтына отырып, етеккір келетін кездегі синдром белгілерінен, күйзелістен құтылуға болады және ол ас қорыту процестерін қалыпқа келтіріп, тісжегі мен ауыз уылуының алдын алады.
Ежелгі уақытта қызылмия тамыры бала көтертпейтін дәрілер құралы ретінде қолданылған. Кейінірек зерттеулер мия тамырының фракциясының жоғары эстрогендік белсенділігін растады. Сондықтан жүктілік кезінде мия тамырын қолданудан аулақ болу керек.
Қызылмия қандай қарсы көрсеткіштерге ие
Ең алдымен, бұл өсімдікті гипертония кезінде қолдануға болмайды. Өйткені, мия тамыры қан қысымын көтереді. Ал оны ұзақ уақыт қолданған кезде ісіну мен қан қысымы жоғарлауы мүмкін. Сонымен бірге, жүрек жеткіліксіздігінде де мия тамырын тұтыну ұсынылмайды.
Жоғарыда айтылғандай, қызылмияны жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Оның үстіне мия тамырын ұзақ уақыт пайдаланғанда, құмарту сезімі әлсірейді және сүт бездерінің ісінуі дамиды.
Сондай-ақ, мия тамыры ағзадағы сұйықтықты ұстап тұрады, ал бұл ісік пен веноздық жеткіліксіздіктің туындауына әкелуі мүмкін.
Stan.kz