Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕЛ АУЫРҒАНДА ҚАЙТПЕК КЕРЕК?

БЕЛ АУЫРҒАНДА ҚАЙТПЕК КЕРЕК?


Шығыс медицинасында дәрілік шөптермен ауырған жерді емдеп қана қоймай, бүкіл ағзаны қалпына келтіруге болады. 

Шипалы қоспалар: 

1 стакан суға 50 грамм қоңыр итмұрын, 50 грамм қара қарақат жемістерінен қосып қайнатып, күніне 1-2 стаканнан; 
шетен мен қоңыр итмұрын жемістерінің әрқайсысынан 50 грамнан алып, күніне 1-2 стаканнан қайнатып, шай ретінде ішуге болады. 
Әрқайсысы 50 грамм қоңыр итмұрын мен кәдімгі бүлдірген жемістеріне 1 стакан су құйып тұндырады. Тұнбаны жылы күйінде стаканның мөлшерінде құйып алып, күніне 3 рет дәрумен ретінде ішуге болады. 
Қоңыр итмұрын (шиповник) мен кәдімгі таңқурай (малина) жемістерінен 50 грамын жинап алып, 1 стакан қайнаған суға салып тұндырады. Тұнбаны күніне 3 рет дәрумен ретінде қолдану өте пайдалы. 

Халық медицинасы дәстүрі бойынша төмендегідей емдеу тәсілдері қолданылады. 

Қызыл ащы бұрыштың 2 қынын алып, ұсақтап кесу керек. Оған 300 мг мүсәтір спиртін құйып, қараңғы жерге 2 апта қою керек. Күн сайын ыдысты шайқап араластырып отыру керек. Дайын болған тұнбамен дeнeнің ауыратын жері ысқыланып сүртіледі. 
10 грамм құлман бүршігіне (хмел) 1 стакан қайнаған су құйып қайнатып, дайын тұнбамен ауыратын тұсын сылаған жөн. 
Ұсақтап турап майдаланған лавр жапырағына 200 грамм күнбағыс майын құйып, 2 апта қараңғы жерге қою керек. Май тұнбасын компресс үшін пайдалануға немесе жүйке талшықтары зақымданған дене мүшесін сылауға болады. 
Сондай-ақ, мумиенің 0,15-0,2 грамын күніне 3 рет 10 күн бойы ішуге болады. Араға 10 күн салып 3 курс алу керек. Ауырған адамдар қатты тақтай төселген керуетке қызыл жүн көрпеше төсеп жату керек. 
Тибет-Қытай медицинасының нұсқауы бойынша сырқат адамдардың қой және шошқа бүйрегімен тамақтануы дұрыс делінген. 
Ал қазақы дәстүр бойынша құяңға желкектің (хрен) жапырағын немесе тамырын жұқа матаға орап, ауырған денеге 5 минут басу керек. 
Құмырсқаның илеуі салынған ыстық ваннаға түскен дұрыс. Екінші күні қозғалмай демалған жөн.
reactor.inform.kz
05 ақпан 2019 ж. 1 452 0