Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Суық тигізіп алсаңыз... 

Суық тигізіп алсаңыз... 


Егер сізге суық тиіп, дене қызуыңыз көтерілсе, міндетті түрде терлеуіңіз керек. Ол үшін басым көпшілігіміз аспирин, парацетамол немесе басқа да дәрі-дәрмек көмегіне жүгінеміз. Ал біз бүгін сіздерге өсімдіктермен тер шығарудың жолын ұсынғымыз келіп отыр.  Кептірілген таңқурай жемісінен тұнба жасап ішіңіз. Жарты стақан жемістің үстіне қайнаған су құйып, 20 минут өткен соң ішуге болады. Жөке гүлінің тұнбасы. Гүлдің бір шай қасығын суға салып қайнатып, 30 минутқа қалдырыңыз. Тұнбаны күніне 2-3 рет немесе ұйықтар алдында бір рет тұтыныңыз. Тер шығарғыш тұнба №1. Таңқурай жемісі мен жөке ағашының жапырағын қосып, қайнатыңыз. Болған соң салқындағанын күтіп, 3-4 күнде жарты стақаннан ішіңіз. Тер шығарғыш тұнба №2. Жөке гүлі мен өгейшөп жапырағын араластырып, бір стақан су құйып қайнатыңыз. 20 минут өткен соң жылы шай ішкендей ішіңіз. 2 грамм камфораны 100 мл спиртпен араластырып, оған 250 мл сірке суын құйып, ұйықтар алдында осы қоспамен арқаңызды, кеудеңізді сүртіп жатыңыз.  

Massaget.kz
04 ақпан 2019 ж. 1 480 0