Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢҒАҚ НЕНІ ЕМДЕЙДІ?

ЖАҢҒАҚ НЕНІ ЕМДЕЙДІ?



1. Кедр жаңғағы.

Кедр жаңғағының қабығынан тұнба дайындап үйреніңіз. Сонда сіз бұлшық еттің ісінуінен, кеудеңіздің созылмалы ауруынан құтылып, иммунитетіңізді жоғарылатасыз. Ол үшін 1,5 стақан жаңғақ қабығына 0,5 литр шарап құйып, 10-12 күндей қараңғы жерде ұстаңыз. Дәмі өзгереді. Дайын болған соң 1 ас қасық тұнбаны 1 стақан қайнаған суға езіп, тамақ ішерден 20 минут бұрын тұтыныңыз. Бір ай ішсеңіз, бір ай үзіліс жасаңыз. Бұл курсты жылына 5 рет пайдалансаңыз нәтижесіне көзіңізді жеткізесіз.

2. Грек жаңғағы.

Грек жаңғағының күшімен қант диабетін емдеуге болады. Ол үшін бөтелке алып, оның 1/3 бөлігін грек жаңғағымен толтырып, үстіне су құйыңыз. Шамамен 2 аптадай ұстап, сүзгіден өткізіп, күніне 3 рет 1 ас қасықтан тамаққа 15 минут қалғанда ішіңіз. Бұл тұнба қалқанша безінің қабынуы мен сүйектеріңіздің сырқырап ауырған кезде де көмектеседі.

3. Жержаңғақ.

Асқазан жарасы мен он екі елі ішекті емдеңіз. Бір уыс жержаңғақты алып, кофе ұнтақтағышқа салып ұнтақтап, қайнаған сумен араластырыңыз. Езбені күніне 2-3 рет 2-3 ас қасықтан тамақ ішерден 20 минут бұрын тұтыныңыз.

4. Миндаль.

Холестерин мөлшерін азайтып, ми қызметін жақсартасыз. Күніне бір уыс миндаль жесеңіз жеткілікті. Басыңыз ауырғанда, жүйкеңіз тозып, ұйқысыздыққа ұшырағанда күніне 50 грамм миндаль жаңғағын жеңіз.

5. Пісте.

Асқазаныңыз, тоқішегіңіз қабынып ауырған кезде пістені үккіштен өткізіп, күніне 3 рет тамақ ішер алдында 1 шай қасықтан тұтыныңыз.

6. Кешью жаңғағы.

Бұл жаңғақ түрі халық емінде де көп қолданылады. Оны көбіне астма, бронх қабынуы, қант диабеті секілді ауруларға шалдыққан жандарға қарсы пайдаланады. Кешью жаңғағының күніне 2-3 жеп тұрсаңыз да жетеді. Сонымен қатар жүрек-қан тамыр ауруларына да пайдалы.

7. Бразилия жаңғағы.

Көзіңіздің көру қабілетін жақсартқыңыз келсе, күніне 2 рет бір-біреуден жеп тұрыңыз. Тамақтанып жатқан кезде жей беруге болады. 2 апта тұтынып, 10 күн үзіліс жасап, кейін қайтадан бастаңыз.

Естеріңізге сала кетейік, 3 жасқа толмаған балаға ешқандай жаңғақты беруге болмайды. Өйткені олардың ағзасында бұл тағам түрін сіңіретін ферменттер жоқ.

http://reactor.inform.kz/
09 қараша 2018 ж. 3 329 0