Денсаулыққа пайдалы шайлар
1. Киікоты мен жаужапырақтан демделетін шай (ішекті тазалауға пайдалы) Кептірілген киікоты мен жаужапырақтың жапырақтарын араластырып, үстіне лимон қабығының үгіндісін қосыңыз. Содан соң қоспаға қайнаған су құйып, 5 минуттай газға қойып, шайды сүзгіштен өткізіп ішсеңіз болады. 2. Жолжелкен мен эстрагоннан демделетін шай (ішек-қарын жолын тазалауға арналған) Бұл шайды дайындау үшін сізге 15-20 грамм жолжелкеннің жапырағы және 10 грамм эстрагонның өркені қажет. Алдымен шөпті мұқият тазалап, ұнтақтап, көлеңкеде кептіріңіз. Кейін қайнаған су құйып, бетін сүлгімен жабыңыз. 15-20 минуттан соң шайыңыз дайын болады. 3. Шетен шайы (бүйректі тазалау үшін) 1 ас қасық шетен ағашының жемісін бір стақан қайнаған сумен араластырып, күніне 3 рет жарты стақаннан ішіп тұрыңыз. 4. Қарақаттан демделетін шай (бүйректі тазалауға пайдалы) Итмұрын мен қарақатты бірдей көлемде алып, араластыру керек. Сөйтіп, қоспаға 2 стақан қайнаған су құйып, 1 сағат күтіңіз. Күніне жарты стақаннан 4 мезгіл ішіңіз. 5. 4 компоненттен тұратын шай Ингредиенттер: 10 грамм жалбыз, 10 грамм аскөк, 20 грамм қалақай жапырағы және 20 грамм дәрілік бақбақ. Ингредиенттердің барлығын ұнтақтап, қайнатып, 5 минуттай сүлгінің астында ұстаңыз. Содан соң сүзгіштен өткізіп, іше беріңіз. Бұл шайды лимонмен немесе бір қасық балмен ішуге кеңес береміз.
Massaget.kz
Massaget.kz