БУЫНДАРЫҢЫЗ СЫРҚЫРАП АУЫРСА
Буындарыңыздың сырқырап ауырғаны алғашында қатты білінбейді. Алайда уақыт өте келе ол артрит және артроз секілді өте қауіпті ауруға айналуы мүмкін. Сондықтан біз бүгін бұл аурудан аман қалу үшін не істеу керектігін сіздермен бөліскіміз келіп отыр.
Буындарыңыздың сырқырап ауруы мынадай кезде басталады:
- жүріс-тұрысыңыз аз болса;
- бауырыңыз бен өт қабыңыз ауырса;
- бүйрегіңіз ауырса;
- түрлі жарақат алсаңыз.
Ең қарапайым кеңестер:
Ақжелкен.
Бір стақан ақжелкен тамырын ұнтақтап, 0,5 литр сүтпен араластырып, термосқа құйып, бір түнге қалдырыңыз. Ертесіне термостың ішіндегі ақжелкенді бөлек бір ыдысқа салып, суытып, таңертең, күндіз және ұйықтар алдында жеп алыңыз. Осылай күніне 3 реттен 10-12 күн қабылдаңыз.
Артрит кезінде қабынуға қарсы дәрі-дәрмектердің орнына жанжабіл өсімдігін де пайдалануға болады.
Желатин.
1 ас қасық желатинді бір стақан сумен араластырып, бөртуі үшін бір сағатқа қалдырыңыз. Желатиннің суда еруін күтіңіз. Дайын болған соң қалаған тосабыңызды алып, қоса аласыз. Содан кейін тоңазытқышқа салып, қатыруды ұмытып кетпеңіз. Денсаулығыңыздың жақсарғанын 1-2 аптадан соң сезінесіз. Буындарыңыздың сырқырап ауырғаны қояды.
100 граммнан ақжелкен мен балдыркөк алып, уақтап турап, 500 мл қайнаған су құйып, тағы 7 минут қайнатыңыз. Кейін қайнатпаны суытып, үстіне лимон шырыны мен 2 ас қасық бал қосып, күніне 3-4 мәрте ішіңіз. 1-2 айдан соң нәтижесіне көз жеткізесіз.
Күніне кем дегенде 6-8 стақан таза қайнаған судан ішіп тұрыңыз. Сонымен қатар біраз уақыт алма қайнатпасын ішкен де пайдалы.
Буындарыңызға жас кезіңізден бастап абай болыңыз. Ол үшін кешке қарай серуендеп, велосипед тебуге шығыңыз. Салауатты өмір салтын ұстансаңыз ғана көптеген аурудың алдын ала аласыз.
reactor.inform.kz