Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді

УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді

Қазақстан футболы үшін тарихи жаңалық. 2028 жылғы УЕФА Суперкубогының матчы Астанада өтеді. Бұл туралы Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) ресми түрде хабарлады.




Мұндай шешім 15 қыркүйекте Грекияның Салоники қаласында өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды. Еуропалық футболдың беделді трофейлерінің бірі сарапқа салынатын кездесу елордадағы «Астана Арена» стадионында ұйымдастырылады.
Суперкубок матчында 2027/28 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы мен Еуропа лигасының чемпионы кездеседі. Осылайша, әлемнің жетекші клубтарының бірі Қазақстан астанасында алаңға шығатын болады.
Бұл — Қазақстан футболы үшін ерекше тарихи оқиға. Еліміз алғаш рет УЕФА Суперкубогын қабылдайды. Бұған дейін Қазақстан аумағында еуропалық клубтық турнирлердің басты трофейлерінің бірі сарапқа салынатын мұндай деңгейдегі кездесу өткізілген емес.
УЕФА мәліметінше, 2027 жылғы Суперкубок Амстердамдағы «Йохан Кройф Аренада», ал 2028 жылғы ойын Астанада өтеді.
Айта кетейік, «Астана Арена» 2009 жылы пайдалануға берілген. Стадион 30,2 мың көрерменге арналған. Аренада Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Астана» футбол клубы өз матчтарын өткізіп келеді.
2028 жылғы УЕФА Суперкубогының Астанада өтуі Қазақстанның халықаралық футбол картасындағы орнын айқындай түсіп, ел жанкүйерлеріне Еуропаның үздік клубтарын өз алаңымызда көруге мүмкіндік береді.
16 қыркүйек 2026 ж. 26 0

Қоғам

ЖЕР-АНАНЫҢ ЖАҢА СЫЙЫ

15 қыркүйек 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930