Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі
Жақында аудандық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінде 25 қазан – Республика күніне орай «Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар «Лицей жетістіктері» атты көрмемен бастау алып, барабаншылар маршына ұласты. Одан әрі мерекелік көңіл-күймен ұландардың сәлемдесуі көрініс тапты. Ұлт аспаптар оркестрі «Ерке сылқым» күйін тамылжыта орындаса, ал тарих пәнінің мұғалімі Т.Нұрбек «Әлқисса» күйді өз нақышына келтіріп, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді. Оркестрге жауапты Е.Раисов та өз үлесін қосып, жетекшілік етті.
Семинар «Лицей жетістіктері» атты көрмемен бастау алып, барабаншылар маршына ұласты. Одан әрі мерекелік көңіл-күймен ұландардың сәлемдесуі көрініс тапты. Ұлт аспаптар оркестрі «Ерке сылқым» күйін тамылжыта орындаса, ал тарих пәнінің мұғалімі Т.Нұрбек «Әлқисса» күйді өз нақышына келтіріп, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді. Оркестрге жауапты Е.Раисов та өз үлесін қосып, жетекшілік етті.
Семинардың келесі кезеңінде «Тәуелсіз Қазақстанның басты символдары» атты дебат ойынын тамашаладық. С.Үсембаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылған пікір сайыста оқушылар белсенділік танытты. Одан соң «Мектеп театры» жобасы дайындаған «Үш бәйтерек» қойылымы ұсынылды.
Негізгі бөлімде облыстық семинардың ашылуы өтті. ҚР Гимні орындалып, шараға келген қонақтар таныстырылды. Атап айтсақ, аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заңтану магистрі Қуаныш Жарекеев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры Ақзада Мадалиева, аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова мен аудандық Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев қатысты.
Әрмен қарай мектеп-лицей оқушылары «Жас Ұлан» қатарына қабылданды. Шақырылған қонақтар ұйымға қабылданған оқушыларға туымызға түстес көгілдір галстуктерін тақты. Айта кетейік, бұл ұйым өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарға, қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыруға үйретеді.
Сонымен қатар аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Ержан Біржанұлы мен №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Болат Накипов баяндама оқып, жүйелі жұмыстары жөнінде ақпараттармен бөлісті.
Мерекелік іс-шараның соңы әсем ән мен биге жалғасты.Тарихи мәні терең күнде осындай игі шараның ұйымдастырылуы көңіл қуантады. Ұлық мерекенің ұлағатын өскелең ұрпаққа кеңінен насихттау біздің басты міндеттіміз.
Айнұр ИБРАШЕВА