Еленген еңбек
25 қазан – Республика күні қарсаңында облыстық қазақ музыкалық академиялық драма театрында облыс әкімі Н.Нәлібаевтың қатысуымен мерекелік салтанатты шара өтті. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Сырдың төрінде кеудесіне «Ерен еңбегі үшін» медалін таққан азаматтардың қатарында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның «Құрметті азаматы» Өркен Исмаил да бар. Бүгінде қоғамда өзіндік орны бар ардагерлер ұйымы өңірдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді атсалысып келеді. Елдің бірлігі мен ынтымағына, экономика мен әлеуметтік дамуына, жастарды адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу жолында сүбелі үлес қосуда. Бұл іргелі ұйым аудандағы барлық іс-шараларға бастамашы болып келеді.

Ардагерлер ұйымы – Қазақстан Республикасындағы соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі. Ұйым 1987 жылы 21 наурызда құрылған. Ал, Шиелі өңіріндегі ардагерлер ұйымы осыдан 34 жыл бұрын құрылған. Оны алғаш Ә.Исмаил 12 жыл өз деңгейінде басқарған. Одан кейін Ж.Ергешбаев, С.Ермекбаев, С.Ізтілеуов, Е.Әбішев, С.Оразымбет, А.Әбдірахмановтар аудан игілігі үшін аянбай еңбек еткен. «Ат тұяғын тай басар» демекші әке жолын жалғап, туған жердің өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп жүрген Өркен Әзімханұлын аудан халқы жақсы біледі.
ҚР Журналистер одағының мүшесі Өркен Әзімханұлы пайым-парасаты мен біліктілігінің арқасында №50 мектепте еңбек жолын ұстаздықтан бастап, ауданда ішкі істер бөлімінің саяси тәрбие жөнінде орынбасары, аудандық паспорт столының бастығы, аудан әкімінің әлеуметтік салалары бойынша орынбасары сияқты лауазымды қызметтерде жұмыс істеді. Мұнымен қоса, Шиелі аудандық «ХАҚ» КМК директоры, комсомол комитетінің бюро мүшесі, Шиелі, Жаңақорған аудандарының атынан депутат болып сайланған Өркен Әзімханұлының полиция подполковнигі деген шені де бар. Одан бөлек шығармашылыққа жақын өнер иесі 30-дан аса ән жазған композитор. Бүгінгі таңда оның туған жерге арнаған «Шиелім» атты өлеңі аудан халқының әнұранына айналған. Сондай-ақ республикада тұңғыш полиция қызметкерлерінен «Жалын» ансамблін құрып, әлі күнге көркемдік жетекшісі болып жүр. Шығармашылыққа жақын жан екенінің тағы бір дәлелі аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторлығын абыроймен атқарған және бүгінгі таңда тұрақты автор. Осындай әр істің байыбына бара білетін, тәжірибесі мол ардагерге қандай марапат берсе де жарасымды. Әдемі қарттықтың үлгісін көрсете білген ардагердің өскелең ұрпаққа берері мол, бағдарлайтын тұсы анық, үлкен-кішіге үлгі-өнеге бола алатынына сеніміміз мол.
Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ