
ОЛ – ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Жақында таксиде келе жатып, қос мұғалімнің екеуара әңгімесін құлағым шалып қалды. Айтуларынша, балалардың үйренсем, білсем деген құлшынысы бәсеңдеуде. Оқушылар таңертең мектепке көбіне ұйқылы-ояу күйде келеді екен. Жаңа сабақты түсіндіре қояйын десе, қалғып отырады-мыс. Ата-анасынан сұраса, түнімен телефонға...












