«БАЙДЫҢ АСЫН БАЙҒҰС ҚЫЗҒАНАДЫ» ДЕМЕҢІЗ...
Қарап отырсақ, әр өңірдің өзіне тән ерекшелігі, дәстүрі болады. Сол секілді барлық жерде сыртқа тасымалданатын отандық өнімдері бар. Мәселен, Қазалы ауданы «қазалы кәмпитімен» танымал болса, аралдықтар өздерінен шыққан тұзды табиғаттың сыйы деп біледі. Ал Жаңақорғанда Сыр өңірінде баламасы жоқ «керамзит» кірпіші өндіріледі.
Айта берсең көп-ақ. Бірақ біз алысқа ұзамай-ақ қояйық. Өз ауданымызда да мақтануға тұрарлық дүниелер жетерлік. Мәселен, шаруашылық пен егінге бай бұл өңірді ақ күрішсіз елестету мүмкін емес. Ол ол ма, сілекейіңді шұбыртып, дәмі таңдайыңнан кетпей қоятын қауыны қашан да сұранысқа ие. Әсіресе, вокзал маңынан өткен жолаушылар қысы-жазы Шиелінің қауынын жолай сатып алып үйренген. Керек десеңіз, қауындар жаз айларында қап-қабымен сатылып кетіп, вокзалдың саудасы қыза түседі. Не керек, бұл өңір отандық өнімге бай. Бұрынғыдай сырттан көп нәрсені сатып алмаймыз. Егін де, шөбің де бар. Қажет болса, құрт пен майды да табасыз. Иә, тіпті «Жаннұр» деген атпен танымал аудандағы фабрикадан қазіргі таңда түрлі ағарған өнімдер сыртқа экспортталады. Яғни, мұнда ауылдың құрты мен майы, айраны мен қымызы сатылады. Оны қазіргі таңда сіз бен біз түрлі азық-түлік дүкендерінен көріп, сатып алып жүрміз. Нағыз ауылдың дәмі. Дәмін татсаңыз, құдды бір бұрын әжеміз жайған қолдың құрты мен майын жегендей боласыз. Қолдың майы демекші, аудан тұрғындары да дүкендерде тұрған сары майларға қарағанда күбімен піскен, тұзды қолдың майын жақсы көреді. Сондықтан да болар, халық базар ішіндегі сүт сататын орындардан қолдың сүті мен қаймағын, майын бағасына қарамай сатып алады. Ал саудасы қызған базардың айналасында мұндай өнімдерді сататындар көп. Алайда дәмі мен сапасын тексеріп жатқан ешкім жоқ.

Түстік уақыт. Әдеттегідей ауқаттанып алған соң, таксимен қайта жұмысқа бара жатырмыз. Кенет, көлік ішіндегі екі әйелдің әңгімесін құлағым шалды. Толықтау келген, басында орамалы бар қара-торы келіншек екіншісіне қарап:
– Өткенде кіші баланы үйлендірдік. Оны үй-жай қылудың өзіне қыруар ақша кетіп қалды. Үйдегі барлық малымызды сатып жібердік. Қорадағы сиырларды сатып жібергелі бала-шағаға, немерелерге қиын болды. Сүтті де, құртты да сатып алып жүрміз. Жақында ортаншы балам вахтадан келген. Ауылға келген сайын үйдің тамағын пісіріп беремін. Ол да қолдың сары майы мен сүтін жақсы көреді. Соған бола кеше базарға барып, қолдың сүті мен сары майын сатып алдым. Үйге келген соң, ыстық нанмен шай ішіп алайық деп едік, анау сатып алғанымыз қолдың емес, дүкеннің майы болып шықты.
– Ойбай, масқара! Не дейді? Сондай қалай? Өзіне қайтадан қайтарып бер.
– Иә, кәдімгідей дүкендегі майды алған да оның үстіне өлтіріп тұз қосып, қолдың майы деп сата салған бізге. Өзіміз қанша жыл малмен айналыстық қой. Нағыз сары майдың дәмін жақсы білеміз. Қаншама адам бізден келіп сүт пен май сатып алып жүр. Ешқашан біреуді алдап, сүтке су қосып, дүкендегі майды алып, қолдың майы деп сатпаппыз. Жұрт не жеп пысық болады осы? Қалай ұялмай соны сатты екен бізге? Енді соны өзіне өткізуге алып бара жатырмын. Бақандай үш жарым мың теңгеге сатып алдым осыны. Ал кәдімгі дүкендердегі майдың бір келісі – мың теңгеден басталады. Құдай астамшылық қылмасын. Бірақ ақшаға сатып алған соң, нағыз қолдың майын жегің келеді екен.
Екеудің әңгімесі бізді де елең еткізбей қоймады. Рас. Бұрын-соңды «Базарда сатылатын сүтке су қосылады» деген сыбыстарды талай естідік. Алайда сатушылардың дүкендердегі сары майды алып, оған тұз қосып, «қолдың майы» деп сататындарына таң қалдық. «Мың рет естігенше, бір рет көр» демекші, біз де базарға барып, қолдың майын сатып алып, сүтпен шай ішуді жөн көрдік. Жоғарыда айтқанымыздай, базарда сүт сататындар көп. Таяқ тастасаң, екіншісіне тиеді. Барлығы мен мұндалап, өздеріне шақырып, бөтелкедегі сүті мен қаптамадағы сары майларын сатуға асық. Сары майды кімнен сатып алсақ та, бізге бәрібір. Мақсатымыз – оның сапасын анықтау. Сол үшін көзімізге түскен біреуінің жанына аялдадық. Әуелі саулық сұрасып, содан-соң жерде жайылған өнімдерді көзбен бір шолып шықтық. Әппақ құрттар көзге оттай басылды. Өңі – әдемі. Сол жерде тұрып-ақ жеп қойғың келеді. Бірақ бізге керегі қолдың сары майы мен сүті ғана. Сондықтан бірінші сатушыдан бағасын сұрап көрдік.
– Апа, мына құтыдағы сүтіңіз қаншадан?
– Қызым, қолыңа ұстап тұрғаның 400 теңгеден. Саған 350-ге беремін. Қою әдемі сүт. Берейін бе?
– Иә, беріңіз. Сіз мынаның бәрін қолдан істеп сатасыз ба?
– Жоқ. Ауылдағы бір кемпірден алып, үстіне тиынын қосып сатамын.
– Ааа, оныңыз жөн екен! Ал мына сары майларыңыз қаншадан? Дәмін көрсем бола ма?
– Бұл сары майлардың бір келісі – 3500 теңгеден. Бірақ қазір ашып, дәмін көргізе алмаймын. Дала жел, бетіне шаң түседі.
– Жарайды, маған осы майыңыздан жарты келі өлшеп беріңізші.
– Жарайды. Басқа ештеңе керек емес пе?
– Жо-жоқ, қажет емес.
Сауда жасауын жасадық. Дегенмен әлгі апаның майдың дәмін таттырмағаны көңілге күдік ұялатты. Бәлкім, бұл шынымен дүкендегі сары май шығар? Дұрысы – тезірек дәмін көру керек. Сөйттік те сырты әдемі сары майымыз бен сүтімізді арқаланып қайттық. Орысшалап айтқанда, «дегустатция» жасап көруге асықпыз. «Халық айтса, қалт айтпайды» деген сөз рас екен. Біз сатып алған сары май шынында да дүкендегі ең арзан майдың өзі болып шықты. Тек оған тұз қосылып, араласқаны болмаса... Ал алған сүтіміз, татуы жоқ сылдыр су. Әппақ түсі болмаса, қою рең бермейді. Шайға қосып көріп едік, кірдің суы секілді көгілдірленіп кетті. Ұсқынын көрсеңіз, ішкіңіз келмей кетеді. Астамшылық болмасын деп, кесеңдегі шайді амалсыздан тауысасың.
Рас. Қысы-жазы базарда тұрып, нәпақаңды табу оңай емес. Әсіресе, қақаған суықта жылы орында емес, ашық жерде отырып ас-ауқат сатудың өзі бір бейнет. Сірә, оның қаншалықты ауыр екенін саудагерлерден артық ешкім белмес. Түсінеміз. Бәрінікі сол күнкөрістің қамы. Тиыннан теңге құрап, табыс тауып жүргендерге бас иіп, құрмет көрсете де білуіміз керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Сауда жасаңдар, себебі саудада береке бар» деген сөзіне мән беріп қарайтын болсақ, тіршілігіңді түзеп, берекеңді арттыруға сауданың септігі мол. Сондықтан да болар, кәсібімнен нәсіп көремін дегендердің қатары жыл сайын артып келеді. Алайда айналамызда кәсіптің көзін тапқандар да, құйтырқы әрекеттерге барып, арам жолмен ақша істеп жүргендер де толып жүр. «Байдың асын байғұс қызғанады» демеңіздер. Әрбір қазақтың байып, ақша тапқанына қуанамыз. Бірақ баюдың басқа жолын тапқандарға не айтамыз? Таразыдан жеп, табыс тапқандардың да талайын көрдік. Алайда ағарғанды сылдыр су етіп сатып, дүкен майын қолдың майы деп, адамдарды алдап жүргендерге не дерсіз? Адал астың да адал болғанын қалайсың, әрине. Ақшаға келген соң, сатып алушылардың іштей күйінетіндерін де түсінесің. Алайда қара суықта қалтырап, бала-шағаның қамы үшін жүрген әлгі апаның жай-күйін, тұрмыс-тіршілігін білмеген соң, асылық айтып, айыптай да алмайсың. Бірақ бұл адамгершілікке салғанда бәрібір дұрыс емес. Ал шариғаттың жолымен, асыл дініміз бойынша айтар болсақ, бәрін де Алла көріп тұр. Қалай десек те, сауда жасап байығысы келгендерге ең әуелі адалдық керек. Сонда ғана Жаратушы әрбірінің нығметін арттырары хақ. Ақырет үшін азық жинағымыз келсе, әуелі адал болайық. Біздің бар айтпағымыз – осы.
Сымбат СҰЛТАН