5000 ТОННА БАҚША ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛАДЫ
Өзбекстанда Хорезм, Түркіменстанда Шаржоу, Қазақстанда Сыр өңірі дүниежүзі бойынша күздік қауын өсіретін ең ірі аймақ болып табылады. Ал осы Сыр өңіріне жататын Шиелі – бақша өнімін өндіруден алдыңғы қатарда тұратын өлке. Әсіресе Ақмаяның қауын-қарбызы, Бестамның картобы сыртқа жақсы танымал.
Ауа-райының қолайлығына байланысты орталық базарға Түркістан облысының қауын-қарбызы бірінші келеді. Бірақ көп ұзамай өзіміздің саржау мен әміре, торламалар төбе көрсетіп, сырттан келген бақша өнімінің орынын алмастырады. Шиелінің қауын-қарбызы нарыққа кеш шықса да, сұранысқа ие. Сыр өңірі былай тұрсын, еліміздің алыс аймағы да Шиелінің қауын-қарбызын алғысы келетіні анық.
Өзіміз білетіндей қауын-қарбыз адам ағзасына өте пайдалы. Сол себепті де дәрігерлер жаз мезгілінде қауын-қарбызды көбірек жеуге кеңес береді. Бірақ, естуімізше диқандар өнімін ертерек, яғни құнды кезінде нарыққа шығару үшін дәрі-дәрмекті көп қолданатын көрінеді. Бұлай піскен өнімнің сапасы да төмен болады. Яғни дәмсіз әрі шыдамсыз, денсаулыққа да пайдасыз. Ал Шиелі өңірінің топырағы құнарлы болғандықтан дәрі де аз қолданылады. Сол себепті де бұл маңда өсірілген өнім дәмділігімен қатар сақтауға шыдамды болып келеді. Шыдамды болған соң, алыс аймаққа да тасымалдауға ыңғайлы.
Шиелінің қауын-қарбызы туралы аға буын өкілдерінен түрлі әңгіме еститінбіз. Тіпті «Мұнда өсетін қауынның үлкендігі соншалық, ар жағындағы есек көрінбей қалады», – деген де әңгіме бар. «Сол уақыттағы қауын-қарбыздың дәмі өзгеше болатын», – дейтін. Ағалар айтқан әңгімелер бүгінгі күні шындыққа айнала бастағандай. Қазір қауынның дәмі оралды, көлемі де үлкейді, егіс көлемі де кеңейді. Сұранысқа ие болып, шекарадан да асып жатыр.
Биыл Ақмая – 229, Алмалы – 8, Бәйгеқұм – 80, Еңбекші – 84, Гигант – 190, Жуантөбе – 190, Бестам –180, Жөлек – 100, Ортақшыл – 70, Керделі – 50, Жиделі – 58, Қарғалы – 44, Телікөл – 50, Ақтоған – 43, Төңкеріс – 58, Талаптан – 80, Тартоғай – 43, Қоғалы – 100, Сұлутөбе – 40, Майлытоғай – 40, Иіркөл – 90, Жаңатұрмыс – 60, Шиелі кенті – 200 гектарға бақша өнімдері егілуде. Ал аудан бойынша бақша өнімдері егілген жер көлемі 2087 гектарға жетіп отыр. Алдағы уақытта Ресей, Ауғанстан Республикаларына 3000 тонна ақ күріш, 5000 тонна бақша өнімі және Иранға 12 тонна қой еті экспортталады деп күтілуде.
Ерұлан ДАТКЕНОВ