Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауын-қарбыздың зиянды екенін сатып аларда қалай білуге болады?

Қауын-қарбыздың зиянды екенін сатып аларда қалай білуге болады?

Қауын-қарбызға шыбын-шіркейдің де зиян келтіретінін білесіз бе? Зиянкестер зақымдаған жемісті сыртына қарап қалай ажыратуға болатынын оқи отырыңыз.

Шыбынның аналықтары өсіп келе жатқан қауын-қарбызды тесіп өтіп жұмыртқалайды. 3-4 күнде құрт пайда болады, деп хабарлайды 31 арна.
Жемістің  құрттаған жері қою қараланып, шіри бастайды. Қазақстанға мұндай шыбындар Өзбекстаннан келді. Еліміздің оңтүстік аймағында кездеседі.
Зақымдалған қауын-қарбызды сыртына қарап та білуге болады.
«Қауын-қарбызды сатып алар кезде сыртында қызыл, қоңыр дақтар болса, оның зақымдалған белгісі. Мұндай жағдайды базар инспекторына айтуға болады. Қазір базарда инспекторлар жұмыс істейді», – дейді карантия жарияланған өсімдіктер жөніндегі мемлекеттік инспекциясының жетекшісінің орынбасары Сымбат Қалиасқарова.
Азаматтардың шағымынан соң не өздігінен тексеріс жүргізгенде күдікке түскен қарбыздарды лабороторияға жібереді. Егер зияны анықталса, жемістерді лақтырады.
Астанада 150 келі қарбыз жарамсыз болып шықты. Олардың көбі Жамбыл облысынан әкелінді. Иесіне 48 мыңнан астам айыппұл салынды.
Шыбындар ластап кеткен жемістер адамға зиянды емес. Бірақ оны жемеуге кеңес береді. Шыбындар ауылшаруашылығына айтарлықтай зиян тигізуде. Зиянкестер салдарынан егістік өнім 20 %-ға азаяды.

Stan.kz
24 тамыз 2018 ж. 1 995 0