Жұмыс жас талғамайды
Бұрын ауылдағы көрші аға-көкелер көшенің ортасында жиналып, гүбір-гүбір әңгіме айтып тұрушы еді. Ол кезде екі қолға бір күректің табылуы қиын болатын. Қазіргі уақытта, жұмыс істеймін деген адамға ауылда да, қалада да жұмыс көп. Елден жырақтамай-ақ аудан төңірегіндегі зауыттар мен кәсіпорындар да жұмыс орны жетерлік. Айлық жалақылары да жоғары. Тек білікті, жауапты маман болсаңыз болғаны.
Шыны керек, ауданда әкімшілік табалдырығын тоздырып, у-шуын шығарып жүрген жандар бар. Бос жұмыс орындарын ұсынса бірі қабылдап, енді бірі ұсынған жұмысты қанағат тұтпай жататындары да кездеседі. Аудандық жұмыспен қамту орталығы әр апта сайын фейсбук парақшаларына бос жұмыс орындарының тізімін жариялап отырады. Ал енді жасы елуден асқан азаматтарды да жұмыспен қамту мәселесі қалай жолға қойылмақ. Өткен жылы ауданда 20 адам «Күміс жас» жобасы шеңберінде уақытша жұмыспен қамтылып, жалақысын субсидиялау мерзімі аяқталғаннан кейін талапқа сәйкес 4 азамат зейнеткерлікке шыққанға дейінгі мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырылған. Сонымен қатар биылғы жылы ауданда аталған жоба аясында 42 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Жұмыс берушілерден қабылданған өтінімдерге сәйкес бос жұмыс орындарына жұмысқа жолданылатын болады.

Ағымдағы жылдан бастап «Күміс жас» жобасы аясында жасы 50-ден асқан азаматтарды жұмыспен қамту туралы заң жобасы бекітілгені жайлы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын. Аталған «Күміс жас» жобасына қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар енгізілетін болады. Тарқатып айтар болсақ, жобаға қатысу мерзімі 36 айға дейін ғана. Жобаға қатысушылардың жалақысы бойынша мемлекеттен бөлінетін субсидиялар мөлшері ұлғайтылған. Қазіргі таңда елімізде 50 жастан асқан 964 мыңға жуық әйел бар болса, соның 325 мыңы мүлдем жұмыс істемеген. Мемлекеттен осы азаматтар үшін 131 млрд теңге қаржы бөлінген. Соның ішінде әлеуметтік қызмет орындары да бар. Көпбалалы отбасыларға, әлжуаз азаматтарға арналған гранттар да қарастырылған.
Иә, елімізде жұмыс орындары көп. Дегенмен жасы елуді еңсерген жұмыссыз азаматтардың жұмыс табуы қиын. Бұған олардың екі қолға бір күрек таба алмай, талай мекеменің табалдырығын тоздырып жүргені дәлел. Себебі жұмыс беруші егде жастағыны емес, жастарды жұмысқа қабылдағанды жөн көреді.
Өткен аптада өңірлік коммуникациялар қызметінде басқарма басшысы Ғабит Жаңабаев «Қазіргі уақытта «Күміс жас» жобасына өзгерістер енгізілуде. Яғни аталған жобаға 50 жастан асқан әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік қарастырылып, субсидиялау көлемі жұмыс беруші мен келіскен жалақының бірінші жылы 70 процентін, екінші жылы 65, үшінші жылы 60 процентін өтейді. Содан кейін тұрақты жұмыспен қамтылуы тиіс. Жалпы биыл жұмыссыздық деңгейін 4,8 процентке, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9 процентке төмендету жоспарлануда» деген болатын.
Дархан Байтілес