Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 44 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

Биыл 44 мыңға жуық жұмыс орны ашылады



Облыста тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту жүйелі түрде жүргізілуде. Осыған сәйкес, биыл өңірде 44 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады.

Оның 29 мыңнан астамы жаңа жұмыс орны. Бұдан бөлек, «Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» аясында 14 мыңнан астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақшы. Ал Мемлекет басшысының әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру туралы тапсырмасына сәйкес, биыл 10 651 жұмыс орны құрылып, 10 мың жасты жұмысқа орналастыру көзделуде. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев хабарлады.
– Өңірдегі тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту – басты мәселелердің бірі екені белгілі. Осыған орай былтыр экономиканың әр түрлі салаларында 31 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, көрсеткіш 102,7 пайызға орындалды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасымен аймағымызда 12 мың жұмыс орны ашылып, бұл тапсырма 2,6 есе артығымен орындалды. Ал биыл 200-ден астам жасқа жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие беріліп, 1,5 мыңнан астам әлеуметтік осал топтағы жандарға қайтарымсыз грант беру көзделуде. Тағы бір ерекше айта кететін жайт, «Күміс жас» жобасына өзгерістер енгізілуде. Яғни, аталмыш жобаға 50 жастан асқан әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік қарастырылып, субсидиялау көлемі жұмыс беруші мен келіскен жалақының бірінші жылы 70 пайызын, екінші жылы 65 пайызын, үшінші жылы 60 пайызын. содан кейін тұрақты жұмыспен қамтылуы тиіс. Жалпы биыл жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайызға, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайызға төмендету жоспарлануда, – деді басқарма басшысы Ғабит Жаңабаев.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
18 қаңтар 2023 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031