Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны құрылған

11 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны құрылған

Қызылорда облысында биыл 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, облыстың қазынасы 74 млрд теңгені құраған. Бұл ақпараттарды облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Нұрғали Рахымшаұлы мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, осы жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың қазынасы айтарлықтай өсіп, өткен жылмен салыстырғанда 19,5 процентке жоғарлаған. Сондай-ақ өңірде халықтың табысын арттыру мақсатында жаңа жұмыс орындары ашылып, аталған бағдарлама аясында халықтың табыс деңгейін арттырудың жүйелі шаралары жүргізілмек.
– Аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткішінде айтарлықтай өсім бар. Атап айтсақ, өңдеу өнеркәсібі – 5,8, инвестиция тарту – 17,1, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 7,9 процентке артты. Ал облыс бюджеті – 74 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 19,5 процентке өсті. Оның ішінде салықтық түсімдер – 60,2 млрд теңге болса, салықтық емес түсімдер – 3,7 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ халықтың табысын арттыру бағдарламасы шеңберінде тиісті шаралар жүргізілуде, – деді Нұрғали Рахымшаұлы.
Мұнан бөлек халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес, өңірде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бағытына ден қойылуда. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева айтты.
– Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде осы жылы 128 жоба арқылы 1500-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күнге дейін Ұлттық жобалар аясында 522 жұмыс ашылып, онда тұрғындар еңбек етуде. Жалпы еңбек нарығына жыл сайын 32 мыңға жуық азамат маман ретінде келеді. Бұл өз кезегінде тұрақты жұмысқа орналасуға біршама қиындық келтіреді. Осыған орай жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуға арналған «Алғашқы жұмыс», түлектерге арналған «Жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар келісімшарты» бойынша жалақы көлемі мен мерзімі ұзартылды, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева.

Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
26 шілде 2022 ж. 559 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930