Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жалпы сомасы 29,3 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндірілген

Қызылорда облысында жалпы сомасы 29,3 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндірілген


Биыл өңірде аграрлық секторды қолдауға 10,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1% артық деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша zakon.kz тілшісі. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының кезекті отырысында аталып өткендей, мемлекеттік қолдаудың арқасында аймақтың агро-өнеркәсіп кешені қарқынды дамып келеді. Жыл басынан бері 8 айда 29,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 25,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,6 процентке артқан. Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі 900,6 млн. құрап, жарты жылдықта жалпы сомасы 16 245,5 тыс. АҚШ долларына сай 45 мың тонна өнімдер экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстарғанда 47%, немесе 5,2 млн. долларға көп. Мәслихаттардағы фракция қызметінің сапасы мен нәтижелігін арттыру мақсатында фракция және оның мүшелерінің қызметін бағалау туралы ереже бекітілді. Онда депутаттар қызметін 9 критерий бойынша бағалау көрсетілген. Қазіргі таңда көрсеткіштерді жоғарылату үшін мәслихат депутаттары қарқынды жұмыс жасауда. Фракция мүшелері жетекшілік жасайтын сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын жүзеге асырудағы сарапшы топтар жұмысы күшейтілген. Барлығы 91 қоғамдық қабылдау өткізіліп, түскен өтініштердің жартысынан көбі оң шешілген. Сайлауалды бағдарламаның «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» бағытындағы комиссия жетекшісінің орынбасары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма-сының басшысы Талғат Дүйсебаевтың айтуынша, үстіміздегі жылдың 10 айында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөл¬месіне жұмыспен қамту саласы бойынша 1019 өтініш түсіп, олардың 402-сі оң шешілген.


Источник: zakon.kz


03 қараша 2018 ж. 854 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930