Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бос жұмыс орындар тізімі

Бос жұмыс орындар тізімі

Құрметті аудан тұрғындары!
Жұмыссыз жүрген азаматтарды ұсынылған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға шақырамыз!
Шиелі аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы қазіргі таңда Шиелі ауданы бойынша бос жұмыс орындарының тізімін жариялай отырып, жұмыс іздеуші азаматтарды төмендегі көрсетілген мекемелерге жұмысқа шақырамыз:
1. «Волковгеология» АҚ «Оңтүстік ВГ» филиалы – 2 Тракторист қажет
(57 630 теңге бастап қосымша үстемеақыларды қоспағанда)
2. «Лесхоз бастауыш мектебі» – 1 бағдарламашы (программист),
(50 000 – теңгеден бастап еңбек өтіліне қарай); Жұмыс тәжірибесі – 1 жылдан кем болмауы тиіс.
3. «Әдемі тіс» ЖШС – 1 тіс дәрігері қажет. (110 000 теңге). Жоғары білімді тәжірибелі маман болуы тиіс.
Сонымен қатар, Шиелі ауданы бойынша «Дархан-1» өндірістік кооперативі, ЖК» Данелян», ЖК «Қалима и К» наубайханалары тарапынан «Наубайшы» – 7 , «Көлік жүргізушісі» – 1, «Жүк тасушы» – 1 бос жұмыс орындары ұсынылады. Ұсынылған бос жұмыс орындарының айлық жалақысы 80 000-120 000 теңге аралығында!
Толық ақпарат алу үшін Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет немесе 8724-32-4-32-36 байланыс телефоны арқылы білуге болады!
26 қараша 2021 ж. 1 843 0