Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Іздегенге жұмыс бар

Іздегенге жұмыс бар

Жуырда өңірдегі азаматтардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету мақсатында халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге бірқатар сала басшылары, бөлім қызметкерлері, әр түрлі жұмыс беру орындарының мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш шараны аудан әкімінің орынбасары А.Жандарбеков ашып берді.
– Шарамыздың басты мақсаты – жұмыссыздықты жою. Бүгінгі жәрмеңкеге аудандағы мекемелердің өкілдері келіп, бос жұмыс орындарын ұсынуда. Тұрғындар сұраныс бойынша жолығып, жұмыс іздеген азаматқа жұмыс табуға болады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне келуші әрбір азаматтың тұрақты жұмысқа орналасуына тілекшімін. Сондықтан, мұндай шараларды жиі ұйымдастыратын боламыз, – деді аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде.
Бүгінгі таңда жыл басынан халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде тіркелген азаматтар қатарынан 1156 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналастырылса, 2269 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына яғни, кәсіпкерлік курсы, грант, шағын несие әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны, ақылы қоғамдық жұмыс, ұрпақтар келісім шарты жобаларына тартылған.
Айта кетейік, ауданда жыл басынан 1 өңіраралық, 7 ауданаралық, жалпы 8 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілген. Сондай-ақ, осы ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне аудан көлеміндегі 24 жұмыс берушілерден 98 бос жұмыс орындары ұсынылып отыр. Атап айтқанда, 4 математика пәні мұғалімі, 2 орыс тілі және 3 ағылшын пәні мұғалімдері, физика, денешынықтыру, информатика пәні мұғалімдері және бағдарламашы, Логопед-дефектолог, шебер-оқытушы, бос жұмыс орындарымен қоса өзге де салалар бойынша 8 наубайхана, 4 күзетші, 10 сатушы, 2 мейірбике, тіс дәрігері, тіркеуші, тәрбиеші, автокөлік жүргізушісі, кассир, сантехник, еден жуушы, жүк тасушы, көптеген жұмысшыларға сұраныс бар.
Жиын соңында жәрмеңкеге қатысушылар жұмыс берушілерден ұсынылып отырған бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, еркін түрде сұқбаттасып, өз сұрақтарына тұшымды жауап алды. Сонымен қатар, аталған сала мамандары да өз қызметтерін көрсетіп, нақты шешім қабылдауға ықпал жасады. Жәрмеңкеде ұсынылған бос жұмыс орындары жұмыссыздық деңгейін төмендетуге сеп болады деп сенеміз.

Шапағат Тілеубаев
07 қыркүйек 2021 ж. 890 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930