Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЙСЫН АУЫЛЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

БАЙСЫН АУЫЛЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ


«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық мүшелері Өркен Исмаил, Әшім Оразбекұлы, Абдумомын Алдияров, Құттықыз Ыханова, Маден Альжанов, Ержан Жорабеков және Ержан Әбдешов Байсын ауылының тұрғындарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, оның ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті.

Сонымен қатар тұрғындарға жалпыхалықтық референдумның маңызы түсіндіріліп, әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуы маңызды екені айтылды.
Коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасында әлеуметтік әділеттілік, заң үстемдігі, адам құқықтарын қорғау, экономиканы дамыту және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілгенін жеткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жаңа Конституция жобасына қатысты пікірлерін білдірді. Коалиция мүшелері барлық сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерді назарға алатындарын жеткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарға жаңа Конституция жобасының мазмұнын жан-жақты түсіндіру, референдумның маңызын жеткізу және халықтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
13 наурыз 2026 ж. 81 0