Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БӘЙГЕҚҰМ АУЫЛЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БӘЙГЕҚҰМ АУЫЛЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік және аумақтық мүшелері Мұрат Тұрабаев, Даулет Жұмбеков, Әбдіәзиз Мұстафаұлы және Біржан Өтебай Бәйгеқұм ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында коалиция мүшелері Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының мазмұны мен негізгі бағыттары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғамдағы ашықтық пен жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше мән берілгені айтылды. Коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасы елдің саяси жаңғыруына серпін беріп, әділетті әрі прогрессивті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат екені айтылды.

Аумақтық коалиция жетекшісі Мұрат Тұрабаев өз сөзінде «Жаңа Конституция жобасы елдің саяси және әлеуметтік дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжат. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылған. Сонымен қатар, ол жалпыхалықтық референдум – әрбір азаматқа ел болашағына қатысты өз таңдауын білдіруге мүмкіндік беретін маңызды саяси науқан», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, тұрғындарға жалпыхалықтық референдумның маңызы түсіндіріліп, әрбір азаматтың ел болашағына бей-жай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуының қажеттілігі жеткізілді.
Жиын барысында ауыл тұрғындары өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу ашық өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Коалиция өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау – елдің тұрақты дамуы мен болашағы үшін маңызды қадам екенін айтты.
06 наурыз 2026 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031