ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАДАМ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік және аумақтық мүшелері Мұрат Тұрабаев, Даулет Жұмбеков, Әбдіәзиз Мұстафаұлы және Біржан Өтебай Бала би ауылының жұртшылығымен кездесіп, жаңа конституция жобасын талқылады.Кездесу барысында коалиция мүшелері тұрғындарға Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының мазмұны мен негізгі бағыттары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғамдағы ашықтық пен жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылғаны айтылды.
Коалиция өкілдері жаңа Конституция жобасы елдің саяси жаңғыруына серпін беріп, әділетті әрі прогрессивті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындарға жалпыхалықтық референдумның маңызы түсіндіріліп, әрбір азаматтың ел болашағына бей-жай қарамай, алдағы саяси науқанға белсенді қатысуының маңыздылығы жеткізілді.
Өңірлік коалиция мүшесі Даулет Жұмбеков өз сөзінде, Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, әлеуметтік және экономикалық әділеттілікті қамтамасыз ету екенін атап өтті. Ол тұрғындарға жалпыхалықтық референдумның елдің болашағына тікелей әсер ететін маңызды саяси науқан екенін түсіндіріп, әр азаматтың белсенді қатысуының маңыздылығын жеткізді. Сонымен қатар Жұмбеков жаңа Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен ұсынылған мүмкіндіктерді нақты мысалдармен түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Жиын барысында ауыл тұрғындары өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, тұрғындар Жаң конституция жобасын толық қолдайтынын айтып, ақ баталарын берді.








