ОРТАҚШЫЛ АУЫЛЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік және аумақтық мүшелері Мұрат Тұрабаев, Даулет Жұмбеков, Әбдіәзиз Мұстафаұлы және Біржан Өтебай Ортақшыл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі мақсаттары мен қоғамға тигізер пайдасын қарапайым тілде түсіндірді. Олар Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлін, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудегі маңызын, сондай-ақ заң үстемдігі мен мемлекеттік басқаруды жақсартуға арналған өзгерістерін атап өтті.
Ауыл тұрғындары өз ойларын білдіріп, жобадағы кейбір мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Коалиция мүшелері барлық сұрақтарға толық жауап беріп, тұрғындардың түсінігін қамтамасыз етті. Кездесу барысында алдағы жалпыхалықтық референдумның елдің болашағы үшін маңызды екендігі ерекше айтылды.
Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар жаңа Конституция жобасына қолдау білдіруде белсенді екендерін жеткізді. Кездесу соңында тұрғындар референдумға белсенді қатысуға және қоғамға пайдалы бастамаларды қолдауға дайын екендерін мәлімдеді.







