Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗІ


«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық мүшелері Өркен Исмаил, Абдумомын Алдияров, Сәбитхан Досанов, Қазбек Шәукебаев, Айнұр Архабаева, Ержан Әбдешов және Азамат Қали білім саласының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Коалиция мүшелері Конституция жобасының мазмұнына тоқталып, оның ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Жиын барысында жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, заң үстемдігін нығайту, сондай-ақ білім мен ғылым саласын дамытуға бағытталған нормалар қарастырылғаны айтылды. Сонымен қатар, алдағы жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екендігі түсіндірілді.

Кездесу барысында аумақтық коалиция мүшесі Өркен Исмаил сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасының қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтуға және елдің тұрақты дамуына бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті. Ол өз сөзінде жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтуге негіз болатынын айтып, алдағы референдумға белсенді қатысу әрбір азаматтың азаматтық парызы екенін жеткізді.

Білім саласының өкілдері өз кезегінде ұсынылып отырған Конституция жобасына қатысты пікірлерін білдіріп, ел дамуына бағытталған бастамаларды қолдайтындарын айтты. Кездесу соңында қатысушылар алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырылды.
05 наурыз 2026 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031