Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ МАМАНДАРЫНА ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ МАМАНДАРЫНА ТҮСІНДІРІЛДІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық мүшелері Өркен Исмаил, Абдумомын Алдияров, Сәбитхан Досанов, Асылхан Өмірәлиев, Қазбек Шәукебаев және Азамат Қали аудандық ветеринария саласының мамандарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында коалиция мүшелері ветеринария саласының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, алдағы жалпыхалықтық референдумның елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы және қоғамның дамуына серпін берудегі маңызына тоқталды.

Насихаттық топ мүшелері жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Сондай-ақ, референдум – халықтың пікірін ескеретін маңызды саяси қадам екені айтылып, ветеринария саласының мамандарын референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу барысында аумақтық коалиция мүшесі Өркен Исмаил сөз алып, жаңа Конституция жобасы қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтып, елдің тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті. Ол референдум – халықтың өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдайтын тарихи сәт екенін айтып, барша азаматтарды белсенділік танытуға шақырды.
Жиын соңында қатысушылар ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін маңызды екенін айтып, оны қолдайтындықтарын білдірді.

04 наурыз 2026 ж. 67 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031