АУМАҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық мүшелері Мұрат Тұрабаев, Қанат Жүсіпов, Патима Маханбет, Құттықыз Ыханова және Бекзатхан Бауыржанұлы Б. Қабылұлы атындағы мәдениет үйінің ұжымымен кездесу өткізді.Кездесу барысында коалиция өкілдері мәдениет саласының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, алдағы жалпыхалықтық референдумның елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызына тоқталып, Конституция жобасының қоғамдағы әділеттілік пен ашықтықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Аумақтық коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және елдің тұрақты дамуына негіз болатынын жеткізді. Сондай-ақ, тұрғындарды референдумға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.
Өз кезегінде мәдениет үйінің қызметкерлері ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, өз пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында мәдениет саласының ардагері Исабек Байкенжеев сөз алып, жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Ол қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау, мемлекеттің дамуына үлес қосу әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін айтып, алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды. Олар ел дамуы мен қоғамның тұрақтылығы үшін мұндай маңызды саяси науқанға қатысу әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті. Шара соңында қатысушылар референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін айтып, жаңа Конституция жобасын қолдайтындықтарын білдірді.




