АҚТОҒАН АУЫЛЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік және аумақтық мүшелері Насырбек Мырзабеков, Маден Альжанов, Серікбай Берімбетов, Нұрболат Пірімбет және Біржан Өтебай Ақтоған ауылының тұрғындарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен маңыздылығын түсіндіру мақсатында арнайы жиын өткізді.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін маңызы зор екендігін атап өтіп, құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ қоғамдағы демократиялық құндылықтарды нығайту бағытындағы бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылғанын жеткізді.
Сонымен қатар, тұрғындарға жалпыхалықтық референдумның маңызы түсіндіріліп, әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуы қажеттігі айтылды. Коалиция мүшелері Конституциялық өзгерістердің елдің тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және әділетті қоғам құруға бағытталғанын атап өтті.
Жиында ауыл тұрғындары өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын жеткізіп, еліміздің болашағы үшін қабылданатын маңызды шешімге бейжай қарамайтындарын атап өтті.
#референдум2026
#жаңаКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз