БЕСТАМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Бестам ауылында жаңа Конституция жобасын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы кездесу өтті. Жиынға «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық мүшелері Насырбек Мырзабеков, Маден Альжанов, Серікбай Берімбетов, Нұрболат Пірімбет және Біржан Өтебай қатысып, ауыл тұрғындарымен ашық форматта пікір алмасты.Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен қоғам дамуы үшін маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған нормалар қарастырылғаны айтылды.
Сонымен қатар жиын барысында қатысушыларға алдағы жалпыхалықтық референдумның маңызы түсіндіріліп, әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасау арқылы мемлекет дамуына үлес қоса алатыны жеткізілді.
Ауыл тұрғындары өз кезегінде жаңа Конституция жобасына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Коалиция мүшелері барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, ұсыныстар назарға алынатынын жеткізді.
Кездесу соңында тұрғындар жаңа Конституция жобасы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды құжат екендігін атап өтіп, түсіндіру жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.






