Балалық балдәурен шақты ойынсыз елестету қиын. Бір кездері қыздардың құмға су құйып, ыдыс жасағаны, анасының жарамсыз шұлығынан секірме резеңкесі, жерді сызып, тас лақтырып ойнайтын «галкасы», айналадағы бес-алты үйдің қыздарына ортақ жалғыз қуыршаққа жарыса киім тігетін ойындары қандай қызық десеңізші....