Тіл тағдыры – ұлт болашағы
Тіл – халықтың жаны, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Елдің береке-бірлігі мен күші де осында жатыр.
Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай, барлық Полиция департаментінде мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту мақсатында іс-шаралар ұдайы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтіп келеді. Осы бағытта аудандық ішкі істер бөлімінде мемлекеттік тілде іс жүргізетін қазақ тілін жетік білетін өзге ұлт өкілдері туралы мақалалар көптеп жарияланып келеді. Сондай-ақ аудандық ішкі істер қызметкерлері қазақ тілінде жарияланатын жергілікті басылымды үзбей оқып, тиісінше көтерілген мәселелерге жауап қатуға тырысады.

Тілдер мерекесі аясында Қызылорда облыстық Полиция департаментінде Қазақстан сияқты көп ұлт пен ұлыс өкілдері мекен еткен мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеуге бағытталған мерекелік іс-шараның жоспары құрылып, бекітілді. Қазіргі таңда осы бағыт бойынша түрлі жұмыстар жүргізілуде.
Ата заңымызда көрсетілген қазақ тілінің мәртебесін көтеру әрбір ұлтым деген азамат үшін маңызды болары сөзсіз. Сондықтан өзіміздің ана тілімізге қастандық жасамай, әрдайым бірінші орынға қоя білуіміз керек. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді», – деген болатын.
Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған мемлекеттік тіл. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті – тілде жатыр. Шиелі аудандық полиция бөлімі еліміздің мәртебелі тілін ұлықтай бермек!
Ердәулет Жаукеев,
Шиелі ауданының Полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция полковнигі
Шиелі ауданының Полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция полковнигі