Тіл – баға жетпес қазына
Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін- ана тілі мен ата дәстүр. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз. Тіл-әрбір тәуелсіз елдің мақтанышы, Тіл-баға жетпес қазына. Демек, әр ұлт, әр азамат өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс деп білемін.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
Қазіргі қазақстандықтар үшін үш тілді білу – өмір талабы. Өзі өмір сүріп отырған елдің мемлекеттік тілін білу – парыз. Сондықтан Елбасының «Қазақ тілі - Мәңгілік Елдің Мәңгілік тілі болады» деген сөзінің шындыққа айналарына сенемін.
Шиелі аудандық сотының
бас маман сот отырысының
хатшысы Н.Елшібеков.