Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл мерекесі – ел мерекесі

Тіл мерекесі – ел мерекесі


Тіл – қандай ұлтта, қай елде болсын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – әрбір елдің жаны. Бүгінде қазақ жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны мен ары. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт-дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың бет бейнесіне айналады. Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал, ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.
«Сүйемін туған тілді – ана тілін, бесікте жатқанымда-ақ берген білім», – деп ақын С.Торайғыров бекер айтпаған. Өйткені, туған тілін сүймейтін адамнан ертеңгі күні еліміздің туын көтерер нағыз ұлтжанды азамат шықпайды. Тіл – ұлттық құжатымыз, қазақи құндылығымыз. Біз көп ұлтты мемлекетпіз. Барша ұлттардың басын біріктіретін, бір-бірімен достастыратын – қазақ тілі.
Тіл – адам ойы мен санасының жемісі, жаратылыстың аса күрделі көрінісі, қыры мен сыры, мол қатынас құралы. «Тәрбие басы – тіл» дейді Махмұд Қашқари. Жаңа оқу жылына ере келетін тіл мерекесі көпұлтты еліміздің береке-бірлігін нығайта берсін!
Жанат Кенебекова,
аудандық архивтің архивисті.
04 қыркүйек 2018 ж. 4 528 0

Соңғы жаңалықтар

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

11 желтоқсан 2023 ж.
Ата басылымды  үзбей оқимын

Ата басылымды үзбей оқимын

11 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

Қызылша ауруынан сақтанайық!
11 желтоқсан 2023 ж. 68

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам