«Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы».
Тіл мәселесі көптеген жылдардан бері өзекті мәселеге айналып келе жатқаны рас. Ол жайында халық қалаулылары да тынбай айтуда, басылым беттері де жаппай сол тақырыпты көтеруде. Үкімет тарапынан да мемлекеттік тіл мәселесі қолға алынғаны қашан. Әдет - ғұрыпымызды, салт - дәстүрімізді әспеттеп, еліміздің тыныштығын ойлап отырған кеңпейіл халық үшін туған тілінен тұғырлы ештеңе жоқ. Ел заңдары да мемлекеттік тіл мәселесіне басты назар аударып, оның бұкіл құқықтарын арнайы заңдармен екшеген. Яғни, Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, оны дамытудың міндеттерін белгілейді. Республикамыздағы өзге тілдерге де құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің тілі мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылуы тиіс. Мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі де қазақ тілінде жүзеге асуы маңызды. Оны меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Қазақстан азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар. Азаматтардың тілге қатысты құқықтарын кемсітуге жол берілмейді. Осыған байланысты айтарымыз, жұртқа үйретуден бұрын, өз тілімізді өзіміз таза менгеріп алайық.
М.О.Күздеубаев,
Шиелі аудандық сотының төрағасы.